Жаңалықтар

Ереван Тоқаевтың Бакумен бейбіт келіссөздер жүргізу туралы ұсынысын қарастыруда

Ереван Тоқаевтың Бакумен бейбіт келіссөздер жүргізу туралы ұсынысын қарастыруда / коллаж kursiv.media (бильд-редактор: Денис Андреев)

Армения үкіметі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзірбайжанмен келіссөздер жүргізу туралы ұсынысын қарастырып жатыр.

Осыған дейін ресми Баку Әзірбайжан мен Армения СІМ басшыларының Қазақстандағы кездесуіне өз келісімін берген. Енді бұл мәселені ресми Ереван қарастырып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымдастыруды ұсынған екі ел министрлерінің ықтимал кездесуінің күні туралы Армения СІМ-ге уағдаластыққа қол жеткізген бойда хабарланады. 

«Армения Оңтүстік Кавказда берік бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталған делдалдық күш-жігерді немесе келіссөздер платформаларын қарастырады және қолдайды. Негізгі принциптер мен өзара келісілген құжаттарды, соның ішінде Армения мен Әзірбайжанның бір-бірінің аумақтық тұтастығын тану және 1991 жылғы Алматы декларациясы негізінде демаркация процесін қолдайды. Қазақстандық тараптың ұсынысы бойынша Армения мен Әзірбайжан Сыртқы істер министрлерінің кездесуінің ықтимал күні туралы біз уағдаластыққа қол жеткізілген бойда хабарлаймыз», – деді СІМ басшысы Ани Бадалян «Арменпресс» басылымына берген сұхбатында.

Бұған дейін Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Баку Қазақстаннан Армения мен Әзірбайжанның Сыртқы істер министрлерінің кездесуін ұйымдастыру туралы ұсыныс алғанын және өз келісімін бергенін айтқан болатын.

Еске сала кетсек, былтыр Армения билігі Әзірбайжанға қарсы БҰҰ сотына шағым түсірді.

Армения билігі Әзірбайжанның «»жергілікті сипаттағы терроризмге қарсы іс-шараларына» қатысты БҰҰ сотына шағым түсірді. Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты «нәсілдік кемсітуге» барды деп айыптады. Қазір БҰҰ  сарапшыларының даулы аймаққа жіберілгені хабарланған. Бұл жайлы БҰҰ сотында түскен шағымда айтылды.