Жамбыл облысында кальцийленген сода өндіретін зауыт құрылысы бойынша құны 207 млрд теңге инвестициялық жоба іске қосылады

Жарияланды
Арнайы экономикалық аймақтарға
Жамбыл облысында кальцийленген сода өндіретін зауыт құрылысы жүзеге асады/ kursiv.media

Жамбыл облысында кальцийленген сода өндіретін зауыт салынады. Инвестициялық жоба бойынша «Қазақстанның Даму Банкі» («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) сингапурлық ING банкі, Bank of China банкі, Қазақ Халық банкі, сонымен қатар Sinosure компаниясы несиеаралық келісімге қол қойды. Бұл жөнінде «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (Астана) KASE-ге ұсынған ақпаратта айтылған.

Қазақ-Түркия үкіметаралық комиссиясының 13-отырысында тараптар мәмілені мақұлдады.  

«Бұл – ҚДБ тарихында ағылшын құқығы бойынша шетелдік банктер қатысуымен синдикатталған қаржыландыру құралы бағытталған алғашқы келісім.  Синдикатталған несиелер шетелдік және отандық банктердің қазақстандық бизнесті қаржыландыру көлемін арттыруға себеп болады. ҚДБ осының есебінен үнемделген ресурсты басқа отандық жобаларға бағыттайды. Бұл ретте ҚДБ-ның синдикат жобаға қатысуы сыртқы нарықта бізге сенім артатын шетелдік кредиторлардың алдында банктің беделі нығая түсуіне сеп болады», – деді ҚДБ басқарма төрағасы Марат Елібаев пікір білдірді.

Жобаның жалпы құны шамамен 207 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде Қазақстан даму банкі үлесі – 12 млрд теңге. Болашақ кәсіпорын кальцийленген сода шығаартын алғашқы өндіріс орны болып есептелінеді. Жылына 500 мың тонна өнім өндіреді.

Сода күлі (немесе натрий карбонаты) металлургия, химия, шыны, целлюлоза-қағаз, бояу мен лак және мұнай өндірісінде кеңінен қолданылады.

Оны кристал, оптикалық және медициналық шыны, пенопласт, шыны блоктар, керамикалық плиткалар, қорғасын, мырыш, вольфрам, стронций, хром, синтетикалық жуғыш заттар және көптеген басқа тауарлар шығаруға пайдаланады.

Бұл жобаны жүзеге асыру импорт алмастыруды және ішкі шикізат қауіпсіздігін нығайтады. Кәсіпорынның экспорттық әлеуеті Жамбыл облысында 255 тұрақты жұмыс орнын құруға негіз болмақ.

Айта кетейік, 2024 жылы итальялық «Lumacheria Italiana» компаниясы Жамбыл облысында өнеркәсіптік мақсатта ұлу өсіруді қолға алатыны туралы мәлім болды. Алғашқы кезеңде жобаға салынатын инвестция көлемі 2 млн еуродан асады.

Сондай-ақ оқыңыз