Денсаулық сақтау министрлігі ауруханалардың қарызын азайту үшін медициналық қызмет тарифін көтермек

Жарияланды (жаңартылды )
Шығарушы редактор
тарифін
Медқызмет тарифі қымбаттайды. Фото: kursiv.media архиві

1 маусымнан Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет тарифін кезең-кезеңімен көтермек. Басымдық балалар мен перзентханаларға беріледі. Осы мақсатта 20 млрд теңге бөлінген.

Негізінен жүкті және босанған әйелдерге, сондай-ақ стационарлық жағдайда балаларға шұғыл медициналық көмек көрсететін ұйым қызметінің тарифін көтеріледі.

Тарифтердің көтерілуі медициналық ұйымдарға соңғы жылдары жиналған қарызын өтеуге мүмкіндік бермек.

Абдоминалдық хирургия, инфекция, неврология, гастроэнтерология, кардиология, травматология және ортопедия, нефрология, эндокринология, онкогематология сияқты бірқатар басқа бағыттар бойынша тарифтерді кезең-кезеңімен арттыру жоспарлануда.

«Негізгі мақсат – медициналық ұйымдарға қаржылық жүктемені азайту және барлық азаматтар үшін жоғары сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету», – делінген хабарламада.

ӘМСҚ басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақовтың дерегі бойынша, 2024 жылы саладағы қаржы тапшылығы 151 млрд теңгені құрайды. Оның 116 млрд теңгесі – тым қатты тапшылық. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек, жедел жәрдем, онкогематология және амбулаториялық-дәрілік қамтамасыз ету сияқты бағыттар бойынша ақша тек 10-11 айға жеткілікті екен.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, биыл қаңтардың соңында 423 медициналық ұйымның кредиторлық берешегінің жалпы сомасы 82,3 млрд теңгені құраған. Жалпы соңғы жылда ауруханалардың контрагенттер алдындағы қарызы 3,8 %-ға өсіп кеткен. Алайда әр өңірдегі ахуал әртүрлі. Мысалы, Астанада медициналық мекемелердің қарызы 18,3 млрд теңгеге (+38,9 %) жетсе, Алматыда – 5,7 млрд теңге (+7,3 %), Шығыс Қазақстан облысында – 4,9 млрд теңге (+25,9 %) болып тұр.

Тариф қалыптастырудың жетілдірілмеген жүйесі, медициналық көмек көлемін анықтаудың ашық емесіосындай проблемалар тізбегіне тудырған. ДСМ басшысы Ақмарал Әлназарованың айтуынша, МӘМС жүйесінен бас тартуға болмайды.

Сондай-ақ оқыңыз