Молдова астанасында өтетін Summer Fest музыкалық фестивалінде белгілі рэпер Jah Khalib-тің  сахнаға шығуына тыйым салынды

Жарияланды (жаңартылды )
Кишиневта өтетін Summer Fest музыкалық фестиваліне белгілі рэпер Jah Khalib-тің  қатысуына тыйым салынды/ kursiv.media

Молдова астанасында өтетін Summer Fest музыкалық фестивалінде белгілі рэпер Jah Khalib-тің сахнаға шығуына тыйым салынды.

«Соңғы оқиғалар мен жаңалықтарға орай Jah Khalib-тің  Summer Fest-те өнер көрсетуіне шектеу қойылды. Күрделі логистикалық және құпия факторларға байланысты шешімді бұрын ресми түрде жариялай алмадық. Мұндай шараны ұйымдастыру орасан зор күш пен ұзақ дайындықты қажет етеді. Бұл кез келген шешімді бірден өзгертуге мүмкіндік бермейді», – делінген  ұйымдастырушылардың хабарламасында.

Әншінің 2022 жылдың жазында ORTA подкасына қатысқан кезде Жаслан Айтмағамбетовтың айтқан даулы пікірін құптағаны қоғам талқысына түсті. Сол кезде дөңгелек үстелде отырғандар Бишімбаев ісі туралы әңгімелеген. Айтмағамбетов «қолайсыз жерде, қолайсыз киіммен, қолайсыз уақытта» деген сөзін  Jah Khalib «қолайсыз киіммен» деп нақтылай түскен.

Рэпердің бұл сөзі көпшілікке ұнай қоймады. «Зорлық-зомбылықсыз өмір» атты ұлттық коалция өкілдері мен актер Кэтэлин Лунгу рэпердің Кишиневта өнер көрсетуіне қарсы екендерін мәлімдеді. Коалиция әншінің аудиториясы зор екенін ескерте отырып, оның әйелдерге қарсы шығуы, сексизм мен зорлық-зомбылықты насихаттауы дұрыс емес екенін айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз