Тәжікстан сыртқы істер министрлігі өз азаматтарына Ресейге бармауға ұсыныс жасады

Жарияланды (жаңартылды )
Тәжікстан СІМ Ресейге бармауға кеңес берді/mfa.tj

«Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарына аса қажет болмаса, Ресей аумағына көліктің барлық түрімен барудан уақытша бас тартуды ұсынады», – делінген министрлік таратқан ресми ақпаратта.

Айта кетейік,23 наурыз күні  Ресей астанасы – Мәскеуде «Крокус Сити Холл» концерт залына лаңкестер шабуылдады. Ресей тергеу комитеті осыған байланысты қылмыстық іс қозғады.

Шабуыл салдарынан 144 адам көз жұмып, 328 адам жараланды. Сол күні 11 адам ұсталды. Оның ішінде тәжік азаматтары болды. «Крокус Сити» ісіне қатысы бар деген адамдар әлі тергеліп жатыр.

12 сәуірде Минскіде өткен ТМД елдері Сыртқы істер министрлерінің саммитінде сөйлеген сөзінде Тәжікстан СІМ басшысы Сирожиддин Мухриддин ресейлік органдарды тергеу ісін халықаралық құқық талаптарына сай өткізуге шақырды.

Бұл оқиға еңбек миграциясына да әсер етуде. 2023 жылы Ресейге 652 мың тәжік азаматы жұмыс істеуге барған.

Теректіден  кейін Ресей тарапынан Орта Азия елдерін тіке және жанама түрде айыптағандар табылды.

Сондай-ақ оқыңыз