Коронавирус пандемиясынан кейінгі халықтың өмір сүру ұзақтығы бойынша 25 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш тіркелді

Жарияланды (жаңартылды )
Қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы
Қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы артты /stat.gov.kz

Былтырғы есеп бойынша қазақстандықтардың жасы тұрғысынан ең ұзақ болып есептелетін көрсеткіш тіркелді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, халықтың туу кезіндегі өмір сүру ұзақтығы 2023 жылы 75,09 жасты құрады. Бұл кейінгі 25 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болды.

Адам жасына байланысты көрсеткіш ұзақ мерзімді өсімнен кейін 2020-2021 жылдары пандемия кезінде төмендеп, одан кейін қайта қалпына келе бастаған. БҰҰ Адам дамуының индексі мәліметтері бойынша індет салдарынан Қазақстанда адамның өмір сүру ұзақтығы азайғаны белгілі болған. Елде 2021 жылы өмір сүру ұзақтығы 2019 жылмен салыстырғанда 4,2 жылға қысқарып, 69,4 жасты құрады, бұл ЭЫДҰ елдеріндегі орташа көрсеткіштен 10,4 жылға аз.

Ауылдық жерлерге қарағанда, қалада тұратындар  ұзақ жасайды (75,73/74,02).

Әйелдердің өмір сүру бойынша көрсеткіші әлдеқайда жақсы, 79,06 жасты құрады (2022 ж. – 78,4), ерлер арасында – 70,99 жас (2022 ж. – 70,2 жас).

Ел бойынша Алматы қаласында тұратындар ұзақ жасайды – 78,28 жас, ал ең төмені Ұлытау облысында – 72,41 жас.

Туған кезде халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығыбұл ұрпақтың бүкіл өмірінде әр жас тобындағы өлім-жітім деңгейінің көрсеткіші есептік жылдағыдай деңгейде өзгеріссіз қалатын жағдайда сол ұрпақтан туған бір адамның өмір сүретін жасы.

Сондай-ақ оқыңыз