Қазақстанда алдағы 7 жылда қандай мамандықтарға сұраныс артады – Еңбек министрлігінің зерттеуі жарияланды

Жарияланды
кадрларға
2024-2030 жылдары кадрларға сұраныс Астана, Алматы және Шымкент қалаларында көп болады / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Денис Андреев

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кадрларға қажеттіліктің 2024-2030 жылдарға арналған орта мерзімді болжамын жасады. Оған сәйкес, ең сұранысқа ие кәсіп есепші мамандығы екен.

Сонымен бірге ең қажет кәсіптердің ішінде күзетшілер мен инкассаторлар, жүргізушілер, мұғалімдер, орта медициналық қызметкерлер және мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі тәрбиеші мамандықтары да бар.

Сарапшылардың оптимистік сценарийі бойынша 7 жыл ішінде кадрларға жалпы сұраныс 2,2 млн адамды, ал пессимистік сценарий бойынша 2 есеге аз – 1,2 млн адамды құрауы мүмкін. Сонымен бірге мамандар мегаполистерде урбанизация жалғасып, халық қалаларда шоғырлана түседі деп болжайды.

Осылайша, жалдамалы жұмыскерлерге ең үлкен сұраныс Астана мен республикалық маңызы бар Алматы және Шымкент қалаларында көп болады деп күтілуде. Болжам бойынша, алдағы 7 жылда 3 мегаполистің жаңа жұмыс күшіне қажеттілігі 295 мыңнан 574 мың адамға дейін артуы мүкмін. Бұл жалпы республикалық көрсеткіштің 25-26%-ын құрайды. Ал орталық, шығыс және солтүстік облыстарда, керісінше, жұмыс күшіне деген сұраныс азаяды.

«Жаңа жалдамалы жұмыскерлерге сұраныс 2027 жылы артып, шарықтау шегіне жетеді. Ол кезде ел бойынша болжамды жылдық қажеттілік 285 мың адамды құрайды. 2030 жылы жаңа жалдамалы қызметкерлерге сұраныс шарықтау шегіне жетеді. Базалық сценарийде бұл 288 мың адамды құрауы мүмкін», – дейді Еңбек ресурстарын дамыту орталығының Болжау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

Жалдамалы жұмыскерлерге ең үлкен сұраныс білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару сынды қоғамдық қызметтер секторында күтіледі. Бұл салада 7 жылда 248 мыңнан 641 мың адамға дейін немесе жиынтық сұраныстың 21-29%-ын құрауы мүмкін.

Сондай-ақ тауарларды тасымалдау және тарату саласы, яғни сауда, көлік және қоймалау, тұру және тамақтану қызметтеріне деген сұраныс 310 мыңнан 492 мың адамға дейін артпақ.

2024-2030 жылдар ішінде бизнес-қызметтер саласында жалдамалы қызметкерлерге сұраныс 208 мыңнан 388 мың адамға дейін немесе жиынтық сұраныстың 17%-ына дейін өседі деп күтілуде.

Бұл кезеңде өнеркәсіпте жалдамалы жұмыскерлерге сұраныс 118-261 мың адам, құрылыста 154-241 мың адам, ауыл шаруашылығында 100-120 мың адам, өзге де қызметтер саласында 51-99 мың адам деңгейінде болады деп болжанады.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары әзірлеген Ұлттық кәсіптер жіктеуішіне сәйкес ең қажет мамандықтар реті мынадай:
  • Есепшілер – 93 мың адам;
  • Күзетшілер, инкассаторлар және соған байланысты кәсіптер – 77 мың адам;
  • Дүкен сатушылары мен олардың көмекшілері – 77 мың адам;
  • Жүргізушілер мен автокөлік жүргізушілері – 44 мың адам;
  • Күтім бойынша орташа медициналық персонал – 33 мың адам;
  • Әлеуметтік ғылымдар бойынша орта мектеп мұғалімдері – 35 мың адам;
  • Мектепке дейінгі білім берудегі тәрбиешілер – 32 мың адам;
  • Жаратылыстану ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері-31 мың адам;
  • Кеңсе қызметкерлері (жалпы бейіні) – 30 мың адам;
  • Бастауыш сынып мұғалімдері – 26 мың адам;
  • Мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың бірінші басшылары – 24 мың адам;
  • Жылжымайтын мүлікпен және басқа мүлікпен операциялар жөніндегі агенттер – 24 мың адам;
  • Жүк көлігінің жүргізушілері – 24 мың адам;
  • Такси жүргізушілері – 19 мың адам;
  • Аспаздар – 19 мың адам;
  • Дәнекерлеушілер – 17 мың адам;
  • Фастфудтан басқа тез тамақтану мекемелеріндегі аспаздар – 17 мың адам;
  • Басқа орта мектеп мұғалімдері – 16 мың адам;
  • Құрылыс бөлімшелерінің басшылары – 15 мың адам;
  • Шаштараздар – 13 мың адам;
  • Құрылысшылар-монтажшылар, құрылысшылар-әрлеушілер, суретшілер үстіндегі бригадирлер – 13 мың адам;
  • Сантехниктер – 13 мың адам;
  • Математика ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері – 12 мың адам;
  • Аралас өнім өндіретін фермерлер мен жұмысшылар – 12 мың адам;
  • Автобус жүргізушілері – 12 мың адам.
Сондай-ақ оқыңыз