ҚТЖ сұраныстың артуына байланысты «Астана-Қостанай» пойызының бағытын Ақтөбеге дейін ұзартады

Жарияланды
ҚТЖ сұраныстың артуына байланысты «Астана-Қостанай» пойызының бағытын Ақтөбеге дейін ұзартады / shutterstock, бильд-редактор: Аружан Махсотова

«Қазақстан теміржолы» компаниясы сұраныстың жоғары болуына байланысты «Астана-Қостанай» Тальго пойызының бағытын Ақтөбеге дейін ұзартады.

ҚТЖ баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенетін болсақ, №81/82 «Астана-Қостанай» Тальго пойызының бағыты Ақтөбе станциясына дейін ұзарады.

«Жолаушылар тасымалы» халық тарапынан келіп түсетін сұраныстың артуына байланысты және техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, биыл 10 маусымынан бастап №81/82 «Астана-Қостанай» Тальго жедел пойызының Ақтөбе станциясына дейінгі маршрутын кеңейту туралы шешім қабылдады»,– делінген хабарламада.

Айта кетейік, енді №81/82 пойыздың жүру бағытында Астана, Атбасар, Есіл, Құсмұрын, Тобыл, Қостанай, Хромтау, Әйтеке би, Никельтау, Ақтөбе сынды негізгі станциялар болады.

Пойыз Астанадан жұп күндері, Ақтөбеден тақ күндері жөнелтілетін болады. Кеңейтілген маршрутқа билеттер қазірдің өзінде сатылымға шығарылды.

29 сәуірден бастап Қытайдың Сиань қаласынан Алматыға дейін және кері бағытта жолаушылар пойызы қатынайтын болады.

«Қазақстан Теміржолы» компаниясының ақпаратына сүйенсек, «ҚТЖ» мен «Жолаушылар тасымалы» басшылары, Сиань қаласы үкіметінің делегациясы қызметтік кездесу барысында Сиань қаласынан Алматыға халықаралық туристік жолаушылар пойызын іске қосуды ұйымдастыру мәселелерін талқылаған.

Туристік пойыздың жүруі «Үрімші – Алматы-2» қатынасындағы №103/104 жолаушылар пойызының кестесі бойынша Қорғас-Алтынкөл шекаралық өткелі арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ оқыңыз