«ҚазТрансГаз Аймақ» тұтынушыларына негізсіз есептелген 1,2 млрд теңге қайтарылады

Жарияланды (жаңартылды )
«ҚазТрансГаз Аймақ» тұтынушыларына негізсіз есептелген 1,2 млрд теңге қайтарылады / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

«ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының тұтынушыларына компания филиалдары негізсіз есептеген 1,2 млрд теңге қайтарылады.

«Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық бөлімшелері Бас прокуратурасы талабының шеңберінде  «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның өндірістік филиалдарына қатысты бірқатар өңірлерде жоспардан тыс тексерулер жүргізді», – делінген комитет хабарламасында.

Тексеру нәтижесінде «ҚазТрансГаз Аймақ» филиалдарының қызметіне жатпайтын қосымша талаптарды белгілеу бойынша кесу, пломбалау және газды бастапқы іске қосу қызметтері үшін тұтынушылардан ақы алған. Осы қызметтер үшін негізсіз есептеулер сомасы шамамен 1,2 млрд теңгені құраған.

Алайда комитет «ҚазТрансГаз Аймақ» филиалдарына қатысты жол берілген бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 79 536 471 теңге көлемінде әкімшілік істер қозғаған.

Еске сала кетейік, Павлодар облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері материалдық сыйақы үшін кейбір кәсіпкерлердің салықтан жалтаруына көмектескені белгілі болды. Олар мемлекетке шамамен 6,8 млрд теңге көлемінде салық төлемеген.

«Ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі мен оның 9 мүшесі 26 еншілес компанияны тіркеп, олардың атынан 4 жыл ішінде 18 млрд теңгеден астам сомаға жалған шот-фактуралар жазып бергені дәлелденді», – делінген баспасөз хабарламасында.

Ең қызығы, бұл қылмыстық топтың қызметін 225 кәсіпорын пайдаланған. Сол кәсіпорындардың ішінде энергия тасымалдаушы бір компания өз шығындарын асыра көрсетіп, электр энергиясының тарифін заңсыз көтерген.

Сондай-ақ оқыңыз