Павлодар облысында жоғары сапалы катодты мыс өндіретін кәсіпорын іске қосылады

Жарияланды (жаңартылды )
Кәсіпорын құрылысына 9,4 млрд теңге салынбақ
Кәсіпорын құрылысына 9,4 млрд теңге салынбақ / Фото: REUTERS/Kham/File Photo

Бұл туралы өңір басшысы Асайын Байхановтың «Fonet Er-Tai Mining» ЖШС компаниялар тобының басшылығымен кездесуі барысында белгілі болды. Мыс концентратын алу бойынша тау-кен кәсіпорнының байыту фабрикасы Екібастұз қаласының маңындағы Академик Марғұлан атындағы ауылдың жанында орналасқан.

Қазіргі уақытта аталған компания «Коджанчад кен көріністері тобының» кен орындарынан катодты мыс өндіретін гидрометаллургиялық зауыт салуды бастады. Бұл ірі инвестициялық жоба болып есептеледі.

Оған салынған қаржы көлемі 9,4 млрд теңгені құрайды. Зауыт жылына 5000 тонна катодты мыс шығарады. Сонымен қатар 300 жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

Инвестициялық жоба 2024-2026 жылдары аралығында іске асырылады. Сондай-ақ Павлодар облысында «KEGOC» АҚ электр қуатымен қамтамасыз ететін желілер мәселесі талқыланды.

«Қосылуға техникалық шарттар алынды, құжаттаманы рәсімдеу және геологиялық барлау бойынша жұмыстар жүргізілуде», – деп жазылған хабарламада.

Кәсіпорын іске қосылса елдегі мыс концентратын қайта өңдеуге және жоғары бағамен экспортқа бағдарланған өнім алуға мүмкіндік береді.  

«Fonet Er-Tai Mining» ЖШС – Павлодар облысы Екібастұз қаласында тіркелген. Компания мыс кенін өндіру және байытумен айналысады. 2007 жылы 11 сәуірде құрылған.

Еске сала кетсек, KAZ Minerals 2022 жылы мыс өндірісін 27%-ға арттырып, 380 мың тоннаға жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыз