Чансиндегі Geely зауытында В+ санатындағы Emgrand моделі жинақталады. «Курсивке» көлікті жинау процесімен жақынырақ танысу мүмкін болды.
Өндіріс 100% автоматтандырылған. Автокөлікті жинауға адам аз араласады. Чансидегі зауытта күніне 1000 автокөлік шығарылады.
Біз екі цехта болдық. Changxing (Қытайдағы Чансин қаласы) қалыптау цехының жалпы ауданы 18 740 шаршы метр. Онда жылына 300 000 мыңға дейін автокөлік шығаратын жоғары жылдамдықты екі автоматты қалыптау желісі орналасқан.
Дәнекерлеп құрастыру цехының ауданы 76 435 шаршы метр. Бірінші кезеңде KUKA неміс роботының 259 жиынтығы орнатылған. Екінші кезеңде 245 KUKA роботтары орнатылып, олардың жалпы саны 504-ке жеткен екен.
Geely-дің басқа да өнеркәсіптеріндегі сияқты Чансиндегі дәнекерлеу цехының жұмысы 100%-ға автоматтандырылған. Тіпті қалыңдығы небәрі 3,5 мм болатын өте жұқа жіктерді өңдей алады. Әр он метр сайын AGV-ті (автоматтандырылған басқарылатын арба) көруге болады.
Чансиндегі зауыттың жалпы өндірістік ауданы 979 902 шаршы метр.
Бұл роботтар зауыт жұмыскерлері берген көптеген тапсырмаларды орындайды. Сондай-ақ цехтардағы бөлшектер қорын толтыру да AGV міндетіне кіреді.
2010 жылы Geely Volvo-ны сатып алғаннан кейін бірінші трансұлттық автомобиль компаниясы болды. Volvo бүкіл әлемде өзінің қауіпсіздік жүйесімен танымал және осы технологиялардың барлығы Geely автокөліктерін өндіруде қолданылады.
Барлық көлік әр ел үшін тек тапсырыс бойынша ғана өндіріледі. Geely мамандары автокөлік бағасы жинақтауға байланысты болатынын атап өтті. Жергілікті нарық үшін автокөлік әрдайым арзан болады. Себебі Қазақстан нарығы талап ететін жылытылатын айна немесе орындық сияқты қосымша опциялар бағаның қымбаттауына алып келеді.
Сондай-ақ қазақстандық командаға тест-драйв үшін Geely желісінен 4 автокөлік: Galaxy – E8, Geely Galaxy L7, Geely Atlas және жаңа Geely Monjaro гибриді берілді.
Galaxy седан – E8, желідегі үшінші модель. Ол ерекше жылтыр сары түсте ұсынылған. Автокөлікте аккумулятордың екі түрі және күш беретін қондырғының екі нұсқасы бар. Бұл көліктің жүрісін 3,5 секундта 100 км/сағ дейін үдете алады. Зарядталмай 665 шақырым жүре алады. Автокөлікті жүргізу оңай. Көлік салонына кірген кезде автокөлік орындықтары жолаушыға бейімделеді.
Қалада жүруге ыңғайлы Geely Galaxy L7 гибридті кроссовері де таңғалдырды. Кроссоверді жүргізу оңай, маневрлі және жылдамдықты тез алады. Мұндай көлікті жүргізудің өзі бір ғанибет. 2WD, Geely Galaxy L7 автокөлігінде e-CMA архитектурасы, NordThor деп аталатын гибридті күш беретін қондырғы бар. Оның негізінде 163 аттың күшіне тең 1,5 литрлік турбо қозғалтқыш жатыр. Ол кірістірілген электр қозғалтқышы бар үш жылдамдықты DHT Pro гибридті беріліс қорабымен жұмыс істейді. Жалпы қуаты 390 аттың күшіне тең. Алғашқы жүз шақырымда үдету уақыты 6,9 секундты алады. Аралас режимдегі отын шығыны 100 км-ге 5,2 литр. Бұл жағдайда жалпы қуат қоры 1370 км-ге жетуі мүмкін.
Сынақтан өткізілген келесі автокөлік – Geely Atlas. Жаңа буынның тағы бір ультра заманауи кроссовері. Оны жүргізу өте оңай. Дәл осы көлікте сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүріп, кедергілерден өте алдық. Көлік кедергілерден қиындықсыз өтті. Сынақтан өткен соңғы көлік жаңа Geely Monjaro болды. Оны жүргізу айтарлықтай ауыр болды. Көліктің шанағы 25 мм-ге ұлғайған. Geely Monjaro капотының астына Hi-F тіркемесі орналасқан, яғни гибридті (HEV) розеткадан зарядталмайды. Көліктің қозғалтқыш электр қозғалтқышпен жабдықталған, бірақ оның тарту қуаты аз. Яғни автокөлік жүргенде іштен жанатын қозғалтқышты өшірмейді. Шамасы, сондықтан ол бірден күш алмайды, сондай-ақ көлікті бұру өте ауыр.
Естеріңізге сала кетейік, Geely Automobile Group – Қытайдың жетекші автомобиль компанияларының бірі. Ол 1997 жылы Geely Auto, Lynk & Co (Volvo-мен бірлескен кәсіпорын), Proton Cars және Geometry сияқты бірнеше ірі автомобиль брендтерін басқаратын Zhejiang Geely Holding Group-тың еншілес кәсіпорны ретінде құрылған.
Компаниялар тобы 18 зауыт пен Ханчжоу, Нинбо (Қытай), Гетеборг (Швеция), Ковентри (Ұлыбритания) және Франкфурт (Германия) қалаларында бес жаһандық ғылыми-зерттеу орталықтарын басқарады. Оларда 1000-нан астам әлемдік деңгейдегі мамандар жұмыс істейді.
Сондай-ақ Чансин қаласындағы зауытқа тур барысында медиа-тур қатысушыларына Geely және Mercedes-Benz бірлескен өнімі – SMART электромобильдері көрсетілді. Ол Geely Emgrand шығарылатын зауытта өндіріледі.
Geely Auto Group 2025 жылға қарай көліктің көмірқышқыл газы шығарындыларын 25%-дан астамға қысқартуды мақсат етіп отыр. Жақын арада Қазақстанда да Geely электр көліктері пайда болуы мүмкін.
Geely концерні белсенді дамып келеді. Бүгінде Қытайда 18 зауыт жұмыс істейді және автомобильдер шығарады.