Netflix платформасы Алматы тауларында Reality travel show түсіреді

Жарияланды
Netflix платформасы Алматы тауларында Reality travel show түсіреді / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Әлемге әйгілі Netflix стриминг платформасы 20-30 мамыр аралығында Алматы тауларында Reality travel show түсіреді. 

Платформа Қырғызстан мен Қазақстанда reality travel show түсірілімі туралы жариялады. Компания өзінің reality travel show үшін орын ретінде Алматының әдемі таулары мен шынайы қырғыз табиғатын көрсетуді қалаған. 

Almaty Tourism Bureau ақпаратына сүйенсек, Алматыда reality travel show түсірілімі — елдің танылуына және туристік әлеуетті арттыруға ықпал ететін маңызды «капитал» болмақ. Netflix әлемдегі жетекші стриминг платформа, ол кең аудитория үшін фильмдердің, сериалдардың және өзге де видео материалдардың үлкен көлемін ұсынып отырады. Netflix аудиториясы — бүкіл әлем бойынша жарты миллиардтан асады. Netflix ақылы жазылушыларының саны-шамамен 270 млн.

2023 жылдың алғашқы 9 айында Қазақстанға ең көп турист Ресей федерациясы мен Қытай халық республикасынан келген. Туризм және спорт министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 2023 жылдың қаңтар-қыркүйегінде Қазақстанға 356 850 ресейлік саяхатшы келген. 

«Екінші орынды Қытай туристері иеленді. Шығыстағы көршімізден елімізге 75 131 адамның табаны тиген. Ал үшінші сатыға Түркия туристері тұрақтады. Анадолы елінен 41 134 турист келген. Сондай-ақ үздік бестіктің қатарына Үндістан (34 757) және АҚШ (28 160) саяхатшылары енді», – делінген хабарламада.

Бұл ретте, туристер көп баратын ең тартымды жер ретінде Алматы көш бастап тұр-40 мыңға жуық турист. Одан кейін Астана (22 мыңнан астам), Ақтөбе облысы (4733), Атырау облысы (4212), Маңғыстау облысы (3023), Батыс Қазақстан облысы (2778), Павлодар облысы (2719), Солтүстік Қазақстан облысы (2651), Шымкент (2586) және Қарағанды облысы (2573)

Сондай-ақ оқыңыз