Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «Қазфосфат» ЖШС-ға қатысты тергеуді аяқтады.
Іс тұтынушылардың өтініші бойынша қолға алынған. Құзырлы ведомство кәсіпорынның қызметін талдау барысында монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілерін анықтады.
Компания сұйық оттегі бағасын қымбаттатқан. Бұл факт бәсекелестік нарық негіздерін бұзу болып саналып, Қазақстан Республикасы тұтынушыларының мүдделеріне қайшы келеді.
«Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен «Қазфосфат» ЖШС Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 159-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәсіпорынға 1 203 300 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды және 8 344 170 теңге сомасына монополиялық кіріс тәркіленді», – деп хабарлады Агенттік.
Сот шешімі заңды күшіне еніп, айыппұл толық көлемде төленді.
Бұған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС қызметіне тергеу жүргізді. Нәтижесінде компанияның нарықтағы үстем жағдайды теріс пайдаланғаны анықталған. Компанияға 1 млрд доллардан астам айыппұл салды.