4-6 мамыр күндері еліміздің солтүстік және батыс аймақтарының тұрғындары көктем шуағына бөленбей жатып, арктикалық салқындықты қайтадан сезінеді. Қазгидрометтің түсіндіруінше, қысым өрістерінің жылдам өзгеруі осыған алып келеді. Солтүстік және оңтүстік циклондардың скандинавиялық антициклонмен алмасуынан Қазақстан аумағында жауын-шашын түсімі мол болады. Одан бөлек қарама-қайшы ауа райы құбылысы қалыптасады.
Баренц теңізінен суық ауа массаларының келуі ауа температурасының төмендеуіне әкеліп соғады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, содан кейін орталығында түнде суық болады. Қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Ал оңтүстік облыстарда күн күркіреп, бұршақ, жаңбыр түріндегі жауын-шашын күтілгенімен, көктемгідей жылы ауа райы сақталады.
4 мамырда елдіңбасым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады. Күн күркіреп, жаңбыр жауады. Түнгі уақытта елдің шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Елдің оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша екпінді жел күшейеді, оңтүстігінде дауыл, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күшейеді.
Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде 3 градус, Шығыс Қазақстан облысының шығысында және Солтүстік Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады.
Қазгидромет мамыр айында ауа райы тұрақсыз болады деп болжаған еді. Мекеме Суық толқындардан ауа температурасының төмендеуі күтілетінін хабарлаған.