Қазақстан Ресей мен Украинаға келіссөздер алаңын ұсынуға дайын – Абаев

Жарияланды (жаңартылды )
Әлемдегі бейбітшілік үшін келіссөздер алаңын ұсынуға дайын / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу үшін келіссөздер алаңын ұсынуға дайын. 

ТАСС агенттігіне сұхбат берген Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Қазақстанның әлемдегі бейбітшілікке қатысты кез келген істе арағайын болуға дайын екендігін айтты.

«Әрине, Қазақстан бейбітшілікке қатысты барлық процеске көмектесуге әрқашан дайын. Бұл тек Ресей мен Украина ғана емес, сонымен қатар Армения мен Әзірбайжан, Сирия мәселесіне, Иран мәселесіне де қатысты. Делдал болу, балаң беру, қандай да бір жағдай жасау, біз дайынбыз», – деді Абаев.

Қазақстан елшісі Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу бойынша көптеген бастама бар екенін айтты.

«Сонымен қатар қазір көптеген түрлі бастама бар. Ресейдің қатысуынсыз бұл процестер мүмкін емес екендігі туралы нақты түсінік бар. Ресейдің пікірі әрдайым осы процестерде ескерілуі керек. Мен айтқандай, делдал болуға емес, алаң беруге, қандай да бір жағдай жасауға дайынбыз», – деп атап өтті ол.

Осыған дейін Алматыда Армения мен Әзірбайжан СІМ басшылары бейбіт келіссөздер жүргізу үшін кездесуі талқыланған болатын.

«Алдағы кездесу әзербайжан-армян уағдаластығының нақты жүзеге асуына жол ашып, жуық арада Оңтүстік Кавказда тұрақты әрі ұзақмерзімді бейбітшіліктің орнауына ықпал етеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

2022 жылы 24 ақпанда Ресей Украинаға қарсы «Арнайы әскери операция» деген атпен ауқымды соғыс бастады. Шабуылдың мақсаты ретінде Украинаның Донецк және Луганск облыстарының тәуелсіздігін қамтамасыз ету аталған болатын. Ресей оларды ресми түрде Донецк халық республикасы және Луганск халық республикасы деп атайды.

2022 жылы маусым айында Петербор экономикалық форумына барған кезде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Донецк және Лугансктің тәуелсіздігін мойындамайтынын және БҰҰ тізіміне жататын 193 елдің ғана тәуелсіздігін мойындауға дайын екенін айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз