Тоқаев 8-9 мамыр күндері Мәскеуге баруды жоспарлап отыр

Жарияланды (жаңартылды )
Тоқаев Мәскеуге барады / akorda.kz, бильд-редактор: Денис Андреев

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 8-9 мамырда Мәскеуге ресми сапармен баруды жоспарлап отыр. 

ТАСС агенттігіне сұхбат берген Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаевтың айтуынша, сапар барысында Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі.

«Біздің президенттер жиі кездесіп тұрады. Қазан айында Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келгеннен кейін де, олар екі рет — Санкт-Петербургте ЕАЭО және ТМД саммиттерінде және ақпан айында Қазан қаласында Болашақ ойындарында кездесті. 8-9 мамырда президентіміз Мәскеуге ресми сапармен келеді деп жоспарланып отыр», – деді Абаев.

Оның айтуынша, 2024 жылы Қазақстан ШЫҰ мен ҰҚШҰ төраға болады. Осы форматта да президенттер арасында кездесу болады.

Бұдан бөлек, Абаев Қазақстан өкілдерінің Ресейдің Уфа қаласындағы Өңіраралық форумға қатысатынын айтты. Уфада президенттердің тағы бір кездесуі болады деп күтілетінін атап өтті.

Алайда ол Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумына Тоқаевтың баруы туралы нақты шешім қабылданбағанын айтты. Дегенмен форумда Қазақстанның жоғары деңгейде таныстырылатынын атап өтті.

2023 жылы 9 қараша Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келген. Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай қаласында өтетін Өңіраралық ынтымақтастық форумына онлайн қатысқан.

Сондай-ақ оқыңыз