Қазақстандық миллионерге тиеселі алтын өндіруші компания қомақты шығын шекті

Жарияланды
«Жалтырбұлақ» АҚ 2023 жылы шығынға ұшыраған / Фото: kursiv.media

«Жалтырбұлақ» АҚ алтын өндіруші компаниясы 2023 жылдың қорытындысы бойынша 1,187 млрд теңге шығынға ұшырады. Бұл туралы KASE-ге ұсынған шоғырландырылған қаржылық есебінде жариялады.

Есепке сәйкес компанияның меншікті капиталы -3 156 673 мың, жалпы кіріс -265 230 мың, таза пайда (таза шығын)  -1 187 970 мың теңгені құраған.

Айта кетейік, аталған компания жеке тұлғалар тобына тиесілі. Оның ішінде  ең үлкен үлесі 31,8% -ға Бауыржан Жамаловқа тиесілі. 16,7%-ына Юрий Пак иелік етеді. Юрий Пак бірқатар мұнай сервистік активтеріне ие және бұған дейін Қазақстанның ең бай 50 адамының қатарында болған.

Алайда 2015 жылдан бері Пактың байлығы екі есеге азайды. Соңғы рет ол Forbes Kazakhstan рейтиңінде 2021 жылы 80 миллион доллармен көрінген.

Сондай-ақ оқыңыз