«Даму» Қоры барлық бағдарламаның тегін және комиссия алынбайтынын хабарлады

Жарияланды
«Даму» Қоры алаяқтардан сақ болуға шақырды / Фото: kursiv.media

«Даму» Қоры мемлекеттік бағдарламалар аясындағы қолдау құралдары үшін комиссия алынбайтынын және барлығы тегін екенін ескертті.

Сондай-ақ Қор сырттай консультанттар, делдалдармен жұмыс істемейтінін хабарлап, сақ болуға шақырды.

«Жеңілдікпен берілетін несие алып беруге, субсидия немесе кепілдік алуға көмектесу мүмкін емес, оның ішінде микронесие бойынша ақылы қызметтер ұсыну жайлы ұсыныстар— елді алдау. Бұндай әрекеттер кәсіпкерлерге зиян келтіреді және мемлекеттік қолдау шараларына деген сенімді жояды», – дейді Қор хабарламасында.

Сондықтан Қор мен оның бағдарламаларына қатысты ақпараттарды азаматтар 1408 нөмірі бойынша тегін қоңырау шалу арқылы немесе мемлекеттік бағдарламаларға қатысатын банктер мен микроқаржы ұйымдарының Call-орталықтарына хабарласып, алуды сұрайды.

Айта кетейік, қазіргі кезде түрлі компаниялардың атынан хабарласып, жеңілдетілген несие алып беруге, субсидия немесе кепілдік алуға көмектесуді, дивиденд алуды ұсынатын алаяқтар көбейіп кеткен.

Сондай-ақ оқыңыз