Путин ядролық қаруды қолдану бойынша жаттығу өткізбек

Жарияланды
учения
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Ресей әскери күштері стратегиялық емес ядролық қаруды қолдану бойынша жаттығулар өткізеді. Бұл туралы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі дуйсенбі, 6 мамыр күні мәлімдеді.

Оқу-жаттығуға Оңтүстік әскери округтің зымырандық құрамалары, авиация және Әскери — теңіз күштері қатысады.

Мақсат – «стратегиялық емес ядролық күштердің жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындығын арттыру».

Сондай-ақ «стратегиялық емес ядролық қаруды дайындау және қолдануға машықтану», – деп атап өтті Қорғаныс министрлігі.

Ведомствоның мәліметінше, оқу-жаттығу «жекелеген Батыс шенеуніктерінің арандатушылық мәлімдемелері мен қауіптеріне жауап ретінде», сондай-ақ «Ресей Федерациясының аумақтық тұтастығы мен егемендігін саққтап алу» мақсатында өткізіледі.

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Украинамен болған соғыстың алғашқы күндерінде Ресейдің ядролық күштері жауынгерлік кезекшіліктің «ерекше режиміне» ауысатынын айтса, арада алты ай өткеннен кейін Украинаның оккупацияланған аумақтарын қорғау үшін «қолда бар құралдардын барлығы қолданылады» деген еді.

2023 жылдың басында Путин ядролык каруды шектеу туралы АҚШ-пен арада жасасқан келісімді тоқтата тұру туралы шешім қабылдап, көп ұзамай Беларусь аумағында тактикалық ядролық қару орналастырылатынын айтқан.

Путин ядролық қауіптің бары туралы 2023 жылдың ақпанында Федералды жиналыс алдындағы Жолдауында мәлім еткен. Франция президенті Эммануэль Макронның Украинаға батыс әскерилерін жіберу туралы ұсынысына түсініктеме бере келе, Путин «мүмкін интервенциялар» «қайғылы салдарға» әкеледі деп мәлімдеген.

2024 жылдың наурызында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин елдің әскери-техникалық тұрғыдан ядролық соғысқа дайын екендігін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз