10 мамырда Алматыда Әзербайжан мен Арменияның өзара келіссөздері өтеді

Жарияланды
Әзербайжан мен Армения өкілдері Алматыда кездеседі / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Денис Андреев

10 мамырда Алматыда Әзербайжан мен Арменияның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары келіссөздер жүргізеді.

«Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес Әзербайжан мен Арменияның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары арасындағы келіссөздер Алматыда 2024 жылғы 10 мамырда өтеді», – деді Астанада өткен баспасөз жиынында Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Армения үкіметі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзірбайжанмен келіссөздер жүргізу туралы ұсынысын қарастырып жатқаны белгілі болған.

Осыған дейін ресми Баку Әзірбайжан мен Армения СІМ басшыларының Қазақстандағы кездесуіне өз келісімін берген. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян Армения мен Әзербайжан арасында бейбітшілік орнағанын қаламайтындар бар екені жасырын емес, деп мәлімдеді.  

Осыған дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Қазақстанның әлемдегі бейбітшілікке қатысты кез келген істе арағайын болуға дайын екендігін айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз