Дәулетті қазақстандықтар тізімінде Дариға Назарбаева мен Нұрәли Әлиев бірнеше сатыға төмендеген

Жарияланды
Дәулетті қазақстандықтар тізімі / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Денис Андреев

Forbes журналы жыл сайынғы дәулетті қазақстандықтар тізімін жариялады. Вячеслав Ким мен Владимир Ким өзара орын ауыстырған.

Ақпаратқа сүйенсек, 2024 жылы Forbes Kazakhstan рейтиңіндегі адамдар саны өсті. Енді топ-50 орнына ең дәулетті 75 кәсіпкердің тізімі жарияланады.

Жаңартылған рейтиңгтегі үздік 10 кәсіпкері:

  • Вячеслав Ким $5 800 000 000
  • Тимур Құлыбаев $5 000 000 000
  • Динара Құлыбаева $5 000 000 000
  • Владимир Ким $3 600 000 000
  • Тимур Турлов $3 300 000 000
  • Болат Өтемұратов $2 700 000 000
  • Ибрагимовтар отбасы 1 1 500 000 000
  • Нұрлан Смағұлов $980 000 000
  • Сәрсеновтер отбасы 9 970,000,000
  • Арсен Томский $920 000 000

Рейтиңде бірнеше адам өз позицияларын жоғалтқан. Мәселен, былтыр Владимир Ким 1-орында болса, биыл 4-орынға түскен. Беличевтор отбасы 10-орыннан 14-орынға түссе, Дариға Назарбаев 14-орыннан 15-орынға, Кеңес Рақышев 15-орыннан 19-орынға, Нұрали Әлиев 29-орыннан 41-орынға, Нұрбол Назарбаев 45-орыннан 49-орынға төмен түскен.

Тізімде 19 жаңа кәсіпкер бар. Олардың арасында Арсен Томский (10-орында), Сухраб Махмудов (23-орында), Александр Чукреев (32-орында), Марат Жұман (35-орында) сынды кәсіпкерлер бар.

Миллиардерлердің табысы 2023 жылмен салыстырғанда $8,2 млрд өсіп, орташа есеппен 46,63 млрд долларды құрады.

Осыған дейін қазақстандық компаниялар мен қайырымдылық қорлардың су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға қанша қаржы бөлгені белгілі болған.

Сондай-ақ оқыңыз