Forbes журналы жыл сайынғы дәулетті қазақстандықтар тізімін жариялады. Вячеслав Ким мен Владимир Ким өзара орын ауыстырған.
Ақпаратқа сүйенсек, 2024 жылы Forbes Kazakhstan рейтиңіндегі адамдар саны өсті. Енді топ-50 орнына ең дәулетті 75 кәсіпкердің тізімі жарияланады.
Жаңартылған рейтиңгтегі үздік 10 кәсіпкері:
- Вячеслав Ким $5 800 000 000
- Тимур Құлыбаев $5 000 000 000
- Динара Құлыбаева $5 000 000 000
- Владимир Ким $3 600 000 000
- Тимур Турлов $3 300 000 000
- Болат Өтемұратов $2 700 000 000
- Ибрагимовтар отбасы 1 1 500 000 000
- Нұрлан Смағұлов $980 000 000
- Сәрсеновтер отбасы 9 970,000,000
- Арсен Томский $920 000 000
Рейтиңде бірнеше адам өз позицияларын жоғалтқан. Мәселен, былтыр Владимир Ким 1-орында болса, биыл 4-орынға түскен. Беличевтор отбасы 10-орыннан 14-орынға түссе, Дариға Назарбаев 14-орыннан 15-орынға, Кеңес Рақышев 15-орыннан 19-орынға, Нұрали Әлиев 29-орыннан 41-орынға, Нұрбол Назарбаев 45-орыннан 49-орынға төмен түскен.
Тізімде 19 жаңа кәсіпкер бар. Олардың арасында Арсен Томский (10-орында), Сухраб Махмудов (23-орында), Александр Чукреев (32-орында), Марат Жұман (35-орында) сынды кәсіпкерлер бар.
Миллиардерлердің табысы 2023 жылмен салыстырғанда $8,2 млрд өсіп, орташа есеппен 46,63 млрд долларды құрады.
Осыған дейін қазақстандық компаниялар мен қайырымдылық қорлардың су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға қанша қаржы бөлгені белгілі болған.