«Қазпошта» жалғыз акционеріне 2023 жылғы таза пайдасынан 1,5 млрд теңге дивиденд төлейді

Жарияланды
«Қазпошта» таза пайданың 62,5% мөлшерінде дивиденд төлемекші / Фото-коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Денис Андреев

«Қазпошта» 2023 жылғы таза пайдасының 1,5 млрд теңге дивиденд төлейді. Бұл жайлы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазпошта» АҚ 2023 жылға таза пайданың 62,5% мөлшерінде дивидендтер төлейді. Бұл компания акционерлері жалпы сомасы 1,5 млрд теңге дивиденд алады дегенді білдіреді»,- делінген баспасөз хабарламасында.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша бұл компания тарихындағы айтулы оқиға. Себебі, «Қазпошта» пандемиядан кейін алғаш рет пайдаға шығып, қомақты дивидендтер төлемек.

Айта кетейік компанияның жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» қоры.

2023 жылдың қызмет нәтижелері бойынша компанияның кірісі 85,9 млрд теңгені құраған. Жоспар 4,2 млрд теңгеге артығымен орындалып, компания рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізген. Компания хабарлауынша, бұл төлемдер «Қазпошта» АҚ-ның қаржылық жағдайының тұрақталғанын көрсетеді. Сонымен бірге компания алдағы жылдарға арналған даму стратегиясына сәйкес жақсы нәтижелер көрсетуді көздеп отыр.

Тұрақтылыққа қатысты Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Қазпоштаның» Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы ретіндегі маңызды рөлін ескеріп, оның кердиттік ретйтингін «тұрақты» болжаммен «BBB-» деңгейінде растаған.

Еске сала кетсек, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазпошта» акционерлік қоғамын ұлттық операторлар тізілімінен шығарылғанын хабарлады.

«Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша екі оператор арнайы құқықтарынан айырылып, тізілімнен шығарылды, олар – «Kazimpex» ЖШС (Қазимпекс) және «Қазпошта» АҚ»,  – делінген хабарламада.

Агенттік 15 мемлекеттік монополия субъектісі көрсеткен 1000-нан астам қызметке сараптама жүргізген. Нәтижесінде жалпы сомасы 30 млрд теңгеден астам осы субъектілердің жобалық шығындары оңтайландырылған.

Сондай-ақ оқыңыз