Әнуар Сәйденов Bereke Bank директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры қызметінен босады

Жарияланды (жаңартылды )
Әнуар Сәйденова / Фото: Андрей Лунин

2024 жылдың қаңтарынан бері тәуелсіз директор қызметін атқарған Әнуар Сәйденов «Bereke Bank» АҚ директорлар кеңесінен кетті. Бұл жайында KASE хабарлады.

Әнуар Сәйденов қаржы саласында лауазымды қызметтер атқарды.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің атқарушы директоры, Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің орынбасары болды.

«Қазақстан Халықтық Банкі» ААҚ басқармасының төрағасы қызметін атқарды.

Альфа Банкт, Банк ЦентрКредит, Bank RBK және БТА Банкінің қазақстандық еншілес ұйымдарында қызмет етті. Қазақстан Ұлттық банкін басқарды.

Айта кетейік, «Бәйтерек» холдингіне тиесілі Bereke bank 2024 жылдың ақпан-наурыз айларында өтімділікті артыру үшін холдингпен байланысы бар компаниялардан 270 млрд теңге тартқан. 270 млрд теңгенің 200 млрд теңгесі банкке байланысты ұйымдардың жинақ салымдары болса, 70 млрд теңгесі – қаржы ұйымдарының жаңа салымы. Бұл қаржыны банк өтімділік тәуекелін реттеу үшін алған.

2022 жылдың сәуірінде «Береке» банк (ол кезде Сбербанк Қазақстан деп аталған) АҚШ-тың Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC List) SDN санкциялар тізіміне енгізілді. Бұл банктің Visa және Mastercard карталары жүйесінен ажырауына және клиенттерінен айырылуына әкеп соқты.

Ал 2022 жылдың қыркүйегінде ресейлік Сбербанк оны «Бәйтерек» ұлттық холдингіне сатты. Келісімнен кейін қаржы институты атауын Bereke Bank деп өзгертті.

2023 жылдың 8 наурызында АҚШ Қаржы министрлігінің Шетел активтерін бақылау жөніндегі басқармасы (OFAC) қаржы институтын Specially Designated Nationals (SDN) санкциялық тізімінен және секторлық санкциялар тізімінен (SSI) шығарды.

Сондай-ақ оқыңыз