«Самұрық-Энерго» екі ірі кәсіпорынды сатып алу үшін қарапайым акцияларды нарыққа шығарды

Жарияланды (жаңартылды )
«Самұрық-Энерго» қарапайым акцияларды орналастырды/ kursiv.media

«Самұрық-Энерго» АҚ еншілес компаниясы «Самұрық-Қазына» қорының басымдықпен сатып алу құқығымен жалпы сомасы 59,7 млрд теңгеге 635 500 қарапайым акцияны орналастырды.

Ұлттық банк дерегіне сүйенсек, «Самұрық-Энерго» АҚ «Самұрық-Қазына» қорының басымдықпен сатып алу құқығымен жалпы сомасы 59,7 млрд теңгеге 635 500 жай акцияны орналастырды. Оның 375 500-і  (данасы 96 470 теңгеден) – 36,2 млрд теңге, 260 000-ы (данасы 90 406 теңгеден) – 23,5 млрд теңге.

12 сәуірде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның директорлар кеңесі компания акцияларын орналастыруға шешім қабылдаған. Бірінші пакетті сатудан түскен қаражатқа «Самұрық-Қазынаға» тиесілі нарықтық құны 36 224 485 000 «Шүлбі СЭС» ЖШС-ын сатып алмақ.

Ал екінші пакеттен түсетін 23,5 млрд теңгеге «Өскемен ГЭС АЭС» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100% үлесін сатып алу көзделген.

«Самұрық-Қазына» қоры – «Самұрық-Энергоның» жалғыз акционері. «Самұрық-Энерго» құрылымына 23 компания кіреді. Компанияның негізгі активтері Павлодар, Түркістан, Алматы облысында және Алматы қаласында орналасқан. «Самұрық-Энерго» тобына «Богатырь Көмір», «Алматы электр станциялары», «Екібастұз ГРЭС-1» және ГРЭС-2 (акцияларының 50%), Балқаш ЖЭО, «Алматы Энергосбыт» және т.б. кіреді.

Аудиттелген қаржы есебіне сәйкес, компаниялар тобы 2023 жылы 43,7 млрд теңге таза пайда тапқан. 2022 жылғы 30 млрд теңге таза пайдамен салыстырғанда, көрсеткіш 1,5 еседей өскен.

Сондай-ақ оқыңыз