Ұлттық тестілеу орталығы негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдауды бастады

Жарияланды (жаңартылды )
6 мамырдан бастап негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдануда / Фото: shutterstock

Мектеп бітіретін түлектер ҰБТ-ға өтініш беруді бастады. Биыл тестілеуді бес мәрте ұйымдастыру жоспарланған. Оның екеуі ақылы болды.

Ұлттық тестілеу орталығы наурыз айында ақылы ҰБТ өткізді. Оған 59 мың оқушы қатысты. Олардың 30%-ы шекті балл жинай алмады.

6 мамырдан бастап түлектер тестілеу орталығына негізгі ҰБТ-дан өту үшін өтініш тапсыруда.

«Бүгін 2024 жылғы негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталады.
6-10 мамыр аралығында тестілеудің бірініші мүмкіндігіне тіркеле аласыздар.
Ал Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының тест тапсырушылары бірінші мүмкіндікке 6-13 мамыр аралығында өтініш береді», – деп хабарлады аталған орталық.

Тестілеудің өзі 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады. Дегенмен төтенше жағдай режимі жарияланған 6 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) тіркелу уақыты ұзартылады. Яки ҰБТ 6-20 мамыр аралығында және25 мамыр мен 12 шілде аралығында өткізіледі.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешімі бойынша 2024  жылы талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек  биыл ҰБТ бойынша аса көп өзгеріс болмайтынын айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз