Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: telegram.org/k/#@aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды. Сондай-ақ  Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті. Содан кейін Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев гүл қою рәсіміне жиналған жұртшылықпен жүздесіп, ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады.

7 мамыр күні Мемлекет басшысы Отан қорғаушыларды мерекесімен құттықтады.

«Қадірлі отандастар! Сіздерді Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын! Еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтап, қастерлі құндылықтарды орнықтыра түсу үшін бұл мерекенің маңызы зор. Әскери борышты өтеу Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі екені анық. Халыққа қалтқысыз қызмет ету – әрбір адал азаматтың перзенттік парызы», – делінген президенттің құттықтау сөзінде.

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев ТАСС агенттігіне берген сұхбатында Қазақстан президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8-9 мамыр күні Ресейге жұмыс сапарымен баратынын айтқан болатын. Бұл сапар барысында Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі.

Сондай-ақ Мәскеуде 9 мамыр күні өтетін әскери шеруге қатысады. Бұл шеруге Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Орта Азия елдерінің де басшылары қатысады

Сондай-ақ оқыңыз