Су тасқынынан кейін 51 мыңнан астам адам үйлеріне оралды – ТЖМ

Жарияланды (жаңартылды )
Су басқан аймақтардағы қазіргі жағдай қандай?/Фото: ҚР ТЖМ

Су тасқыны салдарынан үйі мен мал-жайын тастап көшкен 51 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды. Ал уақытша орналастыру пунктерінде 5 мыңнан астам қалған. Жалпы еліміздің аймақтарынан 17 млн ерген қар суы сорылған.

Су басқан аймақтарда қандай жұмыстар жүргізілді?

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында мотопомпалармен және жылжымалы сорғы станцияларымен 174 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылған. Атырау облысының Құлсары қаласында су басқан аумақтардан су сору және дезинфекциялық жұмыстар тәулік бойы жалғасып жатыр. ТЖМ радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелері Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында су басқан 326 үйде, Атырау облысының Құлсары қаласында ауданы 76 500 шаршы метр су басқан  аумақтарда дезинфекциялау жүргізді. Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Подстепное кенті мен Аңқаты ауылында жалпы ауданы 71 гектар су басқан аумақтарда дезинфекциялау жүргізілді.

Су тасқыны қайталануынан қандай сақтық шаралары қолданылуда?

Есіл өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізілуде. Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында бөген салу жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен тәулікте ұзындығы 300-ге жуық бөген салынды. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда. Өткен тәулікте 3 050 қапшық пен 233 тонна инертті материал төселді.

Соңғы көрсеткіш қандай?

10 013 тұрғын үй мен 3 215 аула аумағынан судың бағыты бұрылған. Жалпы 17 млн еріген қар суы сорылған. 51 111 адам өз үйлеріне оралды. 5 355 адам уақытша орналасу пунктерінде қалған.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 10 827  адам, 1 247 техника, 332 су сору құралы және 57 жүзу құралы, 5 әуе кемесі жұмылдырылған.

Тасқынға байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды. Яғни Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында.

Атқарушы органдар жіберген олқылықтарды түзеу үшін Президент шұғыл түрде нақты тапсырмалар берді. Су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылды. Сондай-ақ құтқару жұмыстарына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары белсене атсалысып жатыр. Зардап шеккен аймақтардың әкімдіктері күндіз-түні жұмыс істеуде.

Сондай-ақ оқыңыз