Ресейден электр қуатын сатып алып отырған Қазақстан Еуроодаққа жаңартылатын энергия жеткізуге ниетті

Жарияланды
Ресейден электр қуатын сатып алып отырған Қазақстан Еуроодаққа жаңартылатын энергия жеткізуге ниетті/Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Қазақстан-Әзірбайжан-Өзбекстан елдерінің біріккен энергетикалық жобасына қатысты пікір білдірді.

«Астана экономикалық форумы аясында Қазақстан, Әзірбайжан мен Өзбекстан энергетика министрлері жасыл энергетиканы дамыту және оны келешегі бар нарықтарға тасымалдау туралы келісімге қол қойған болатын. Еуроодақ тарапынан алдын ала жұмыс жүргізілді. Олар болашақта біздің елдер өндіргелі отырған таза электр энергиясын сатып алуға қызығушылық білдірді», – деді ол.

Ол сондай-ақ, бұл жоба Каспий маңы мен Аралдың әлеуетін пайдалануға бағытталғанын айта келе: «Мақсат – үлкен инвестицияларды тарта отырып, әлеуетті нарықтарға жаңартылған энергияны жеткізу»,– деді.

Осы арада заңды сұрақ туады. «Еуроодаққа жаңартылған электр қуатын сатуды көздеп отырған Қазақстан Ресейден қуат көзін неге қымбатқа сатып алып отыр?»

Қазақстан жетпеген электр энергиясын Ресейден сатып алуға мәжбүр екенін Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мойындаған еді.  

Бұған дейін Ресейден алынатын электр қуатының баға айырмашылығына қатысты даулы мәселе туған еді. Онда отандық «KEGOС» АҚ компаниясы 2023 жылы Ресейдің Қазақстанға 1 КВт\сағ қуатты – 19 теңгеден, ал Қазақстанның Ресейге дәл осындай қуат көзін – 6,44 теңгеге сатқаны қоғамда қызу талқыға түскен.

Сондай-ақ оқыңыз