Қазақстанда сот сараптама қызметіне жүгінушілердің 90%-ы құқық қорғау қызметкерлері

Жарияланды
Сот сараптама қызметі / Коллаж kursiv.media (Аскар Ахметуллин), бильд-редактор: Артур Алескеров

Қазақстан сот-медициналық сараптамасының қызметіне жүгінушілердің 90%-ы құқық қорғау органдарының қызметкерлері екен. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз брифингінде Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты.

«Сот сараптамалары институты жыл сайын түрлі бағыттарды қамтитын 180 мыңнан астам сараптама жүргізеді. Институт құқықтық мемлекет құруда айрықша маңызға ие және оны дамыта түсу Әділет министрлігінің алдына қойып отырған басым бағыттарының бірі», – деді ол

Қазіргі таңда Қазақстанда Сот сараптамалары орталығының 19 бөлімшесі бар. Мамандардың жалпы саны 2 782, оның 578-і сот сарапшысы, ал 676-сы сот-медициналық сарапшысы құқығын алған. Сот сараптама қызметіне жүгінушілердің 90%-ы құқық қорғау органдарының қызметкерлері. 

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу және балалар мен әйелдер құқығын қорғау заңнамасын жетілдіру саясатының шеңберінде, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында отбасындағы зорлық-зомбылық мәселелері бойынша сот-психиологиялық сараптамасы методикасы дайындалып тәжірибеге енгізілді», – дейді.

Е-saraptama ақпараттық жүйесі арқылы сараптамаларды электронды түрде тағайындап, оның қорытындысын адамның қатысуынсыз береді. Яғни құқық қорғау органдары мен сарапшылардың қарым-қатынасына шектеу қойып, сөз байласуға мүмкіндік бермейді және іссапарлық, пошталық шығындарды қысқартуға мүмкіндік беріп отыр. 

9 сәуірдегі сот отырысына Салтанат Нүкенованың мәйітіне сараптама жүргізген сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров қатысқан. Ол манекенде марқұм алған жарақаттарды белгілеп, алқабилерге оның әсерін түсіндірді.

Сондай-ақ оқыңыз