Құлыбаев Лондондағы Букингем сарайы маңында орналасқан мүлкін Deutsche Bank-тің бұрынғы топ-менеджеріне сатқан

Жарияланды
Құлыбаев
Құлыбаев Лондондағы тағы бір мүлкін сатпақшы / Фото: kursiv.media

Экс-президент Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев Лондонда, Букингем сарайы маңындағы зәулім сарайын 34,7 млн фунт стерлингке сатқан. Бұл жайлы Financial Times баспасы жазды.

Қазақстандық олигарх бұл ғимаратты 2007 жылы сатып алыпты.

Басылымның жазуынша, бұл жолғы сатып алу-сату рәсімі наурыз айында өткен. Ғимаратты North Wind Capital инвестициялық компаниясы сатып алған. Ал бұл компанияның негізін қалаған Deutsche Bank-тің бұрынғы топ-менеджері – Бен Уильям.

«Майфэрде, Букингем сарайының маңындағы Аппер-Гросвенор көшесі бойында орналасқан үлкен таунхаусты North Wind Capital компаниясы наурыз айының соңында сатып алған. Ал North Wind жылжымайтын мүлік саласындағы инвестициялық компаниясының негізін қалаған Deutsche Bank-тің жылжымайтын мүлік жағдайларына қатысты бөлімінің бұрынғы директоры Бен Уильямс»,– деп жазды басылым.

Дәл осы Аппер-Гросвенор көшесі 42 мекенжайында Құлыбаевтың тағы бір мүлкі орналасқан. Басылым дереккөздеріне сенсек, қазақстандық бизнесмен бұл ғимаратты да сатқысы келеді. Бірақ бұл мүлікке сатып алушы әлі табыла қоймапты.

Лондон орталығында орналасқан екі жылжымайтын мүлікке Тимур Құлыбаев 20 жылға жуық уақыт бойы иелік етіп келді. Басылым Аппер-Гросвенор көшесі, 41 мекенжайында орналасқан ғимарат негізінен бос тұрғанын айтады. Бұл жергілікті баспанасыздықпен күресетін қоғам белсенділерінің ашуын туғызып келген. Олар бұл ғимарат қожайындарын оффшорлық компаниялар арқылы әрекет етеді деп айыптайтын.

Англия Жоғарғы сотының құжаттары мен мүліктік жазбаларына сәйкес, Аппер-Гросвенор көшесі 41 мекенжайында орналасқан ғимарат 2007 жылы 25,8 миллион фунт стерлингке сатып алынған. Ал Аппер-Гросвенор көшесі 42 мекенжайында орналасқан мүлікті сол жылы шамамен 12 миллион фунт стерлингке сатып алған.

Ұлыбритания үкіметінің жылжымайтын мүлікке қатысты ашықтық саясатын өзгертуіне байланысты құжаттарда Аппер-Гросвенор көшесі 41 мекенжайында орналасқан ғимаратқа Құлыбаевтың Merix International Ventures компаниясы арқылы иелік ете бастағаны жазылған. Бұл компания Британияның Виргин аралдарында тіркелген. Ал Аппер-Гросвенор көшесі 42 мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратқа олигархтың Люксембургте орналасқан Vitala Investment Holdings компаниясы иелік етеді.

Басылымның хабарлауынша, Тимур Құлыбаев пен North Wind Capital компаниясының өкілдері келісімге қатысты пікір білдіруден бас тартқан.

Сонымен бірге 2007 жылы қазақстандық олигарх Беркширдегі Ханзада Эндрюдің Саннингхилл саябағын да сатып алған. Құлыбаевтың баспасөз хатшысы Саннингхилл саябағына қатысты бұл келісімді «біржақты коммерциялық келісім» деп бағалаған.

Басылымның бір дереккөзінің хабарлауынша, қазіргі таңда Аппер-Гросвенор көшесі 42 мекенжайы бойынша орналасқан ғимараттың 9 000 шаршы фут немесе 836,1 шаршы метр кеңсені де сатып алушы табылған. Яғни ғимарат кеңсе ретінде пайдаланылады.

Еске сала кетейік әлемдегі дәулетті тізімінде Тимур мен Динара Құлыбаевтар 612-орында тұр. Олардың әрқайсысының байлығы 5 млрд долларды құрайды.

Ал Қазақстандағы ең дәулетті адамдар тізімінде Құлыбаевтар 2, 3 -орынға орналасқан. олардың алдында 5,8 млрд долларды құрайтын байлығымен Kaspi.kz акционері – Вячеслав Ким тұр.

Сондай-ақ оқыңыз