Топ-менеджердің қоштасу мәлімдемесінен кейін Tesla акциялары арзандады

Жарияланды

Tesla акциялары неге арзандады/ Фото: tesla.com

Tesla акцияларының сессиясы бейсенбіде бағасы төмендеп барып жабылды. Осының алдында ғана өнім шығару бөлімінің басшысы Рич Отто өзінің компаниядан кететінін хабарлаған еді. Қоштасу хатында ол компаниядағы жаппай жұмыстан босатуға қарап, Тесланың ұзақ мерзімді табысқа қарай бара жатқанына күмәнданып қалғанын айтқан.

Егжей-тегжейі

«Алып компаниялар қашан да ғажап адамдар мен тамаша өнімдерден тұрады, ал тамаша өнім – тек қызметкерлер жақсы жұмыс істегенде ғана мүмкін болатын нәрсе. Компанияны да, оның рухын да теңселткен мына жұмыстан босату науқаны сол үйлесімді бұзды, [енді] бұл ұжымда келешекті көздеген ойын бар деу қиын», – деп жазды Tesla-да жеті жыл жұмыс істеген Отто.

«Топ-менеджердің, – деп жазады MarketWatch, – меңзегені: Tesla компаниясының өз қызметкерлерінің 10 пайызын жұмыстан шығару туралы шешімі». Компания басшысы Илон Маск қызметкерлердің жаппай қысқартылуын шығындарды азайту және қайталанба лауазымдардан құтылу қажеттілігімен түсіндірді. Сонымен қатар компания АҚШ-тағы қуаттау бекеттерінің ең үлкен желісі және америкалық нарықтағы үстем түсіп отырған автомобиль өндірушінің негізгі элементі болуға тиіс Tesla Supercharger-ді әзірлеумен айналысатын бөлімшесін таратты.

Акцияларының тағдыры не болмақ?

Barron’s-дың айтуынша, Оттоның қоштасу мәлімдемесінен кейін Tesla акциялары 9 мамырда негізгі сауда сессиясын 1,6 %-ға құлдыраумен жапты. Салыстырар болсақ, S&P 500 индексі бейсенбіде 0,5 пайызға, ал Nasdaq Composite индексі 0,3 пайызға жоғарылады.

Жыл басындағы күйімен салыстырғанда, Tesla акциялары қазір 31 пайызға арзандаған. 8 мамырда автомобиль өндіруші компания активтерінің бағалары Reuters агенттігі АҚШ әділет министрлігінің Tesla-ны алаяқтық жасады деп күдіктенетіні туралы жазғаннан кейін төмендеді. Қадағалау органының тексеріп жатқаны Tesla тұтынушылар мен инвесторларды, шын мәнінде, ондай емес көлікті өзін-өзі толық басқарады деп алдаған ба, жоқ па деген сұрақ. Сонымен бірге тергеушілер Tesla осынысы арқылы бағалы қағаздарға қатысты да алаяқтық жасады ма, жоқ па деп мән-жайды анықтап жатыр.

Tesla акцияларының орташа мақсатты бағасы: бір қағазға 183 доллар. Бұл қазіргі деңгейден 6,4 пайызға жоғары. Компанияның акцияларын не істеу керек деген сұраққа келгенде, сарапшылар пікірі әралуан. FactSet сауалнамасына қатысқан сарапшылардың 21-і (барлығы 51) Tesla қағаздарын сатып алуға кеңес береді. Автоөндірушінің акцияларын инвестициялық портфеліңде сақта дегендердің де саны осы шамалас. Тек 11 сарапшы ғана сатқан дұрыс деп біледі.

Сондай-ақ оқыңыз