Алматыдағы кездесу аяқталды: Әзірбайжан мен Армения қандай шешімге келді

Жарияланды (жаңартылды )
Министрлер Әзербайжан мен Армения арасындағы шекараны делимитациялау бойынша ілгерілеуді құптады / Фото: ҚР СІМ

Алматыда Армения мен Әзірбайжанның сыртқы істер министрлері – Арарат Мирзоян мен Джейхун Байрамовтың келіссөздері аяқталды.  Министрлер екі ел арасындағы шекараны делимитациялау бойынша ілгерілеуді құптады.

Келіссөздер нәтижесі бойынша екі елдің сыртқы істер министрліктері баспасөз хабарламасын таратты.

«Министрлер Джейхун Байрамов пен Арарат Мирзоян шекараны делимитациялаудағы ілгерілеуді және осыған байланысты қол жеткізілген келісімдерді құптады. Министрлер мен олардың делегациялары екіжақты «Әзірбайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік пен мемлекетаралық қатынастар туралы келісім» жобасының ережелерін талқылауды жалғастырды Тараптар әлі де келісілмеген мәселелер бойынша келіссөзді жалғастыруға келісті», – деп атап өтті Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігі.

Сапар барысында министрлер Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен екіжақты, оның ішінде үшжақты форматта жеке кездескен.

Армения тарапының да мәлімдемесі де Әзербайжан мемлекетінің ұстанымына ұқсас.

«Министрлер делимитация бойынша ілгерілеуді, сондай-ақ осы бағытта қол жеткізілген келісімдерді құптады. Министрлер мен олардың делегациялары Армения мен Әзірбайжан арасындағы бейбітшілік пен мемлекетаралық қатынастарды орнату туралы екіжақты келісім жобасының ережелерін талқылауды жалғастырды. Тараптар ашық мәселелерге байланысты әлі келіспеушіліктер бойынша келіссөздерді жалғастыруға келісті», – делінген Армения СІМ-нің хабарламасында.

Еске салсақ, Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбіт келіссөздер екі күнге созылатынын хабарлаған едік.

Әзербайжан келіссөздерге дайын. Екі күнге созылатын келіссөздердің жақсы аяқталатынына сенімдіміз. Әзербайжан мен Армения арасындағы екіжақты бейбітшілік процесін ілгерілету бағытындағы қолдауы мен белсенділігі үшін Қазақстан тарапына алғыс білдіремін. Бүгінгі келіссөздер осы процеске өз үлесін қосатынына сенімдімін»,– деп мәлімдеген еді Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов.

Айта кетсек, тараптар «Бейбітшілік және мемлекетаралық қатынастарды орнату туралы» келісімді талқылады. Бұл екі ел өкілдерінің бұл мәселеге қатысты бірінші кездесуі емес. Мұның алдында дәл осы мәселе бойынша тараптар Берлинде кездескен. Бірақ ол келіссөздер еш нәтиже бермеген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян Армения мен Әзербайжан арасында бейбітшілік орнағанын қаламайтындар бар екені жасырын емес деп мәлімдеді.  

Осыған дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Қазақстанның әлемдегі бейбітшілікке қатысты кез келген істе арағайын болуға дайын екендігін айтқан. Ол сонымен бірге Әзірбайжан мен Арменияның Алматыдағы кездесуі кезінде Қазақстанның делдалдық қызмет атқармайтынын жеткізді.

«Біз тек good office деп аталатын ізгі ниет қызметін көрсетеміз»,- деп мәлімдеді Смадияров.

Айта кетейік бүгінде екі ел арасында жағдай шиеленісіп тұр.  Былтыр Армения билігі Әзірбайжанға қарсы БҰҰ сотына шағым түсірді. Ереван Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты Әзірбаййжанды «нәсілдік кемсітуге» барды деп айыптады. Ереван билігі халықаралық ұйым саясатының асында Әзірбайжанға қатаң талап қоюды ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыз