Жаңалықтар

Оңтүстік циклон әсерінен күн күркіреп, нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады

Оңтүстік циклон әсерінен күн күркіреп, нөсер жаңбыр, бұршақ жауады / Фото: shutterstock

Алдағы күндері еліміздің көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.   

Оңтүстік циклон өзімен бірге жаңбыр, найзағай, нөсер жауын мен бұршақ әкеледі. 16-18 мамырда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 16 мамырда шығыста, 17-18 мамырда оңтүстік-батыста, 18 мамырда солтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады.

«Қазгдиромет» кейбір өңірде күн райы жылиды деп болжайды. Солтүстік, солтүстік-шығыс аймақтарда 16-17 мамырда жауын-шашын тоқтайды. Күндізгі ауа температурасының 18-25 градусқа дейін жоғарылайды. Ал кейбір аудандарда түнде теріс температура сақталады.

Әрине, жайма-шуақ күндер қайта оралмақ. «Көп жағдайда жылы оңтүстік-батыс ағыны ауаны жылытады  және температура фоны мамыр айындағы климатқа біртіндеп оралады», – деп сендіреді «Қазгдиромет».

Кей облыстарға жекелей тоқталсақ, 16-20 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарда жаңбыр салдарынан өзен-көл, бұлақтар тасуы мүмкін. Алматы облысында да жағдай осындай болмақ.

16 мамырда Қарағанды облысының шығысында тұман түседі. Аттырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай соғады. Түнде Павлодар облысының солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.

«Қазгидромет» мамыр айында ауа райы тұрақсыз болады деп болжаған еді. Солтүстік өңірлерде ауа температурасы жоғарылайды. Батыс, оңтүстік, орталық өңірлерде жауын-шашын жиілейді.