Жаңалықтар

Қытайда жанармай құны төмендеді

Қытайда жанармай құны төмендеді/ Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Соңғы кездері әлемде мұнай бағасы құбылып тұр. Осындай баға ауытқуларына байланысты Қытайда бүгіннен бастап жанармай мен дизельдің  бөлшек сауда бағасы төмендейтін болады. Бұл туралы сәрсенбіде Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік даму және реформа комитеті хабарлады.

Жанармай мен дизель отынының бөлшек саудадағы құны 235 юаньнан 225 юаньға (бұл 33 АҚШ долларына пара-пар) төмендейтін болады», – деп хабарлайды Синьхуа агенттігі мемлекеттік даму және реформа комитетінен сілтеме жасап.

Баға саясатына қатысты бұндай өзгерістер әлемдегі мұнай өнімдері бағасының төмендеуіне байланысты орын алған.

Соңғы күндері әлемде мұнай бағасының төмендеуіне байланысты жанармай құны да түсіп келеді

Өткен апта соңында Brent маркалы мұнай бағасы бірнеше факторлардың әсерінен барреліне 82,8 долларға (-1,3%) төмендеді. Мұнай трейдерлері АҚШ-тың ақша-несие саясатының экономиканың жай-күйіне, соған сай шикізатқа деген сұранысына әсерін бағалаған болар. Мұнай бағасына автокөлік маусымының басталуына бір апта қалғанда АҚШ-та бензин мен дистиллят қорларының ұлғаюы туралы деректер де теріс әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар ОПЕК+ елдеріндегі екінші ірі мұнай өндіруші Ирактың өндірісті ерікті түрде қысқарту міндеттемесіне қатысты белгісіздік сақталуда. Бұл ел әлемдік мұнай нарығында қосымша ұсынысты қамтамасыз ете отырып, белгіленген квоталарды (2024 жылдың 1 тоқсанында тәулігіне +602 мың баррель) өсіре беруі мүмкін.