Жаңалықтар

Титандар текетіресі: Samsung Apple компаниясын кезекті рет келемеждеді

Samsung нарықтағы өз позициясын бермек түгілі Apple-ді кезекті рет келемеждеді. Онда алып қондырғы шығармашылық бұйымдарды жойып жатқаны көрсетілген. Ал Samsung болса өздері түсірген ролигінде керісінше шығармашылықты жою мүмкін емес екенін дәлелдеуге тырысады.  

«Сіз үш нәрсеге үздіксіз қарап тұра аласыз: жанған от, аққан су және Samsung пен Apple арасындағы текетірес. Сценарий бойынша, «алма» бейнелі компания түсірген роликте алып құрал шығармашылыққа қажетті  заттарды бірінен соң бірін жоюға кіріседі. Жұп-жұқа планшет жылдар бойы адамзаттың сұрыптауынан өткен өнерді алмастыра алмайды», – делінген SAMSUNG таратқан мәліметте.

Crush! | iPad Pro | Apple

Бұл тұрғыда Samsung шетте қалмады. Компания Х (Twitter) желісінде өзінің кезекті бейнеролигін жариялап: «біз ешқашан шығармашылықты жоюға тырысқан емеспіз» (we would never crush creativity) деген жазумен сүйемелдейді. Олар осылайша, Apple-ді кезекті мәрте мазақ етіп отыр. Бейнероликте музыкант қыз гитарада ойнап жатқанда оның қарсы алдында ән жазуға арналған планшет жатады.

Оңтүстіккореялық бренд үшін Apple сынау қалыптасқан дәстүр іспетті. Мысалы, 2017 жылы самсунгтіктер iPhone пайдаланушыларына «есею» үшін сенімді Samsung смартфондарына көшуді ұсынса, ал 2022 жылы бәсекелесін жаңа модельдерінде инновацияның жоқтығына байланысты сынға алған болатын.

Samsung Electronics компаниясының бірінші тоқсандағы операциялық пайдасы 10 есе өскен. Бұған бірінші кезекте чиптерге сұраныстың артуы әсер еткен.

Әлемдегі ең ірі жад чиптері мен теледидар өндірушінің бірінші тоқсандағы операциялық кірісі 6,6 трлн вонға (4,89 млрд доллар) дейін өсті. Gайда бір жыл бұрынғы 640 млрд вонмен салыстырғанда 931% өскен. Операциялық пайданы бағалау LSEG болжамды бағасынан 5,7 трлн вонға асып түскен.