2024 жылы Қазақстанда Құрбан айт мұсылман мерекесі 17 маусым, дүйсенбі күні аталып өтіледі. Мерекенің алғашқы күні ресми демалыс болғандықтан, қазақстандықтар Құрбан айтта үш күн — 15, 16 және 17 маусымда демалады.
Еңбек кодексінің 84-бабының 5-тармағына сәйкес, Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып жариялаған.
Маусым айында бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін барлығы 11 демалыс күні болады. Алты күн істейтіндер үшін – 6 демалыс күні бар.
Арапа күні 16 маусымға түссе, қасиетті Құрбан айт мерекесі 17 маусым күні басталады. Ал Мұхамед Пайғамбар туған күні саналатын Мәуліт мерекесі 14/15 қыркүйекке келеді.
Құрбан айт Рамазан айында ораза аяқталғаннан кейін 70-ші күні келеді. Жыл сайын мереке күні күнтізбеге сәйкес, шамамен 10 күн алға жылжып отырады. Араб тілінен аударғанда мерекенің атауы «құрбандық шалу» дегенді білдіреді. Мерекеде ұсақ малды құрбандыққа шалып, мұқтаж жандарға таратып беру қажет. Үш күн қатарынан болатын айтта алыс-жақындағы мұсылман қауымның үйіне барып, олардың дастарханынан дәм татады.
Айта кетейік, ҚМДБ діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты ауысуы мүмкін екенін ескертті. Діни басқарма хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалғанын атап өтті.