Алматыда Батырхан Шөкенов пен «А'студио» тобының естелік фотосуреттері көрсетілді

Жарияланды
Шығарушы редактор
Батырхан Шукенов
Алматыда Батырхан Шөкеновтің естелік суреттері көрсетілді / Фото: Kursiv LifeStyle, бильд-редактор Аружан Махсотова

Atelier Cauchemar галереясында Батырхан Шөкеновтің туған күні қарсаңында фотограф Николай Постниковтың көрмесі ашылды. Kursiv LifeStyle көрмеге барып, сирек кездесетін суреттерді алғашқы болып көрді.

Шөкенов қоғамдық қорының командасы алматылық фотограф Николай Постниковтың көрмесін ашты. Іс-шара музыканттың туған күніне орайластырылды. 2024 жылдың 18 мамырында Батырхан Шөкенов 62 жасқа толар еді. Мұнда автордың 36 фотосуреттері ұсынылған. Оның 20 алғаш рет көрсетіліп отыр. 

Kursiv LifeStyle

Николай мен Батырханды көпжылдық достық байланыстырды. Фотограф музыканттың өнер жолындағы алғашқы қадамдарынан бастап куәгер болған.

Көрмеде музыканттың ұлы Мақсұттың анасы Екатерина Шеляковамен бірге Батырханның суретін көруге болады. Сирек кадрлар 2024 жылдың көктемінде кездейсоқ табылды. 

Kursiv LifeStyle

Сондай-ақ, Шөкенов қоры KazakhYuvelir-мен бірлесіп жасаған әшекейлер ұсынылды. Коллекция музыканттың сүйікті аспабы саксофоннан шабыт алған.

Батырхан Шөкенов 1962 жылы Қызылордада дүниеге келген. Ленинградтағы мәдениет институтына саксофон сыныбы бойынша оқуға түсіп, Алматыдағы консерваторияға ауысты. Студенттік жылдары ол Байғали Серкебаев, Болат Сыздықов және Владимир Миклошичпен кездесіп, олар «Арай» тобында Роза Рымбаеваға сүйемелдеу жасады.

1987 жылы әртістер «Алматы» ұжымын құрып, оның атауы кейінірек «Алматы Студио» болып өзгертіліп, «А’студио» болып қысқартылады. 1989 жылы музыканттар «Джулия» атты алғашқы хитін шығарды.

2000 жылдан бастап Батырхан топтан тыс жеке мансабын бастады. 2009 жылы Қазақстандға алғашқы ЮНИСЕФ елшісі болды. 2010 жылы ол еліміздің «Еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағын алды. 

Kursiv LifeStyle

2015 жылдың 28 сәуірінде 53 жасында Батырхан кенеттен Мәскеуде инфаркттан қайтыс болды. Алматыда мыңдаған адам жерлеу рәсіміне келді. 

Батырхан Шөкенов қоғамдық қоры (Batyr Foundation) 2015 жылы құрылған. Оның мақсаты Батырдың мұрасын сақтау және жас музыканттарды қолдау болды.

Kursiv LifeStyle

Сирек кездесетін фотосуреттері бар көрме Алматыда 17-30 мамыр аралығында Гоголь көшесі,40 жалғасады. Кіру тегін.

Сондай-ақ оқыңыз