Жаңалықтар

Израиль соғыс кабинетінің министрі Бенни Ганц премьер-министр Биньямин Нетаньяхудан Газа секторына қатысты нақты жоспар ұсынуды талап етті

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - b0284330-158f-11ef-9b12-1ba8f95c4917.jpg
Бенни Ганц отставкаға кетуі мүмкін екенін мәлімдеді /фото Reuters

Израиль соғыс кабинетінің министрі Бенни Ганц премьер-министр Биньямин Нетаньяху соғыс аяқталғаннан кейін, Газада әрекет ету жоспарын ұсынбаса, отставкаға кетемін деп мәлімдеді.

BBC мәліметі бойынша Ганц премьер-министрге қазіргі билік құрамынан шығатынын, халық сеніміне ие болатын жаңа үкімет құратынын ескерткен.

Министр Нетаньяхудан 8 маусымға дейін алты стратегиялық мақсат бойынша жоспар ұсынуды талап етті:

  • кепілге алынғандарды қайтару,
  • ХАМАС үкіметін құлату,
  • Газа секторын демилитаризациялау,
  • анклавты бақылау
  • АҚШ, Еуропа және араб елдерімен азаматтық әкімшілік құру

Нетаньяху оған қарсылық білдіріп, Ганцтың талаптарын «Израильді жеңу, кепілге алынғандардың көпшілігін тастап кету, ХАМАС билігін сақтап қалу және Палестина мемлекетін құру» деген сарындағы үндеу деп қабылдайтынын мәлімдеді.

Израильдің Газа секторындағы ұстанымына байланысты елде наразылық күшейіп келеді. Қорғаныс министрі Йоав Галант Газада азаматтық және әскери үстемдік орнатуға келіспейтінін айтқан. Газа секторындағы 2 миллионнан астам адамды уыста бағындырып ұтсау оңайға соқпайтынын ескерткен. Ал Нетаньяхуға жақтас коалиция мүшелері әскери бақылау орнату тиімді жол деп есептейтіндерін айтты.

2023 жылы 7 қазан күні Израиль әскери-әуе күштерінің ондаған зымырандары Газа секторындағы Хамас нысандарына соққы жасады. Ал осы елдің қорғаныс армиясының өкілі Даниэль Хагари Израиль тарапы 2,2 мыңнан аса зымыран атқылағанын, ал Хамас әскерлері елге құрлық, әуе және теңіз жолдары арқылы енгенін мәлім еткен.