Жаңалықтар

Таяу Шығыстағы белгісіздіктің себебімен алтынның бағасы жаңа рекордтық деңгейге шықты

Азия нарықтарындағы алтынның бағасы рекордты жаңартты / Фото: Unsplash / Jingming Pan

Дүйсенбіде Азиядағы биржаларда алтынның бағасы рекордтық деңгейге көтерілді. Бұған Иран президенті қайтыс болғаннан кейінгі Таяу Шығыстағы тұрақсыздықтың артуы ықпал етті. Сарапшылар бұл бағалы металл бағасына биылғы ФРЖ мөлшерлемесінің төмендеуі, АҚШ долларының әлсіреуі және облигациялар нарығындағы жарыстың да әсері бар деп біледі .

Толығырақ

Споттық алтын 1,4%-ға, яғни троя унциясы үшін 2450,07 долларға дейін қымбаттады. Ал маусым айында аяқталатын алтын фьючерстері бір унция үшін 2444,55 доллар рекордтық деңгейге жетті деп хабарлады Investing.com.

Дүйсенбіде басқа бағалы металдардың да құны көтерілді. Платина фьючерстері 0,2%-ға, яғни бір унция үшін 1096,50 долларға, күмістің құны 3,2%-ға, бір унция үшін 32,285 долларға дейін жоғарылады. Бұл – 2012 жылдың желтоқсанынан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Сарапшылар не дейді?

ABC Refinery компаниясының қызметкері Николас Фраппеллдің:» Алтын раллиі Иранда болған оқиғаларға қатысты белгісіздікке байланысты жаңалықтардан туындайды (Иран Президенті ұшақ апатында қайтыс болғаннан кейін), – деген сөзін Bloomberg келтіреді. – Ақпараттың аздығына байланысты асығыс қорытынды жасау элементі де бар екені сөзсіз, – дейді ол. – Бірақ инвесторлар Азиядағы өтімділіктің төмендігін ескере отырып, өз позицияларын бергісі келмейтін шығар», – дейді.

Сәуір айында  Citi сарапшылары алдағы 6–18 айда алтынның троя унциясы 3 мың доллар тұратынын болжаған еді. Олардың пікірінше, алтынның қымбаттауына геосаяси шиеленіс ықпал етіп, акциялардың қор индексінің рекордтық деңгейімен қатарласады делінген.

Goldman Sachs банкі бұған дейін алтын нарығын «мызғымас бұқа нарығы» деп атап, осы жылдың соңына қарай металдың мақсатты бағасын бір унция үшін 2,3 мың доллардан 2,7 мың долларға дейін көтерген.

Контекст

Өткен аптада АҚШ долларының құны төмендеді. Ал қазынашылық облигациялар бағасы сәуір айындағы АҚШ-тың тұтыну бағасының баяулауы туралы жаңа деректерге байланысты жоғарылады. Алтынның қымбаттауына мұның да әсері бар дейді Bloomberg. Соңғы сессияларда трейдерлер ФРЖ қыркүйек айында қарыз алу құнын төмендете алады деген үмітпен мөлшерлемелерді көтерді. Агенттік бұл да бағалы металдың қымбаттауына себеп болады деп қосады. «Алтынның қымбаттауы орталық банктердің сатып алып жатқаны, Азия нарықтарындағы, әсіресе, Қытайдағы тұрақты сұраныс және Украина мен Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістің күшеюіне де байланысты», – дейді нық сеніммен Bloomberg.