Нарықтағы рекордтар, АҚШ акцияларына қатысты болжамдар, инвесторлардың көңілі қайтадан ұзақ мерзімді бондтарға ауды

Опубликовано
БАҚ шолуы / REUTERS/Brendan McDermid

Дүние жүзіндегі қор нарықтарында рекордтық өсу деңгейі байқалуда. Уолл-стрит сарапшыларының көбі АҚШ-тағы жарыс жалғасады деп болжайды. Яғни бұқа тренді күшейеді. Сонымен қатар ірі қорлар ФРЖ мөлшерлемесінің төмендеуін күтіп, ұзақ мерзімді облигацияларды қайтадан сатып алып жатыр. Осы және басқа да тақырыптарды өткен демалыстағы дүниежүзілік БАҚ шолуынан оқыңыздар.

Дүние жүзі бойынша қор нарықтарында рекордтық өсу деңгейі байқалып отыр

Bloomberg  шолуына көз жүгіртсек, 20 ірі қор нарығының 14-і рекордтық өсу деңгейінде немесе соған жақын. Дамыған және дамушы нарықтарды бақылайтын MSCI ACWI индексі рекордтық өсімге қол жеткізіп, жұмада тағы бір жаңа биікке көтерілді. АҚШ-та S&P 500, Nasdaq 100 және Dow Jones индекстері рекордтарды жаңартты. Еуропа, Канада, Бразилия, Үндістан, Жапония және Аустралияның ең ірі биржалары рекордқа жетті немесе оған жақын деуге болады. Тіпті 2021 жылдың ақпанында ең жоғарғы деңгейге жетіп, содан бері «қиындық» көрген қытайлық акциялар да қалпына келуде.

Қор нарығының өсуі пайыздық мөлшерлемелердің тез төмендеуін, экономика мен корпоративтік кірістердің жақсы көрсеткіштерін ынталандырады. «Макроэкономикалық тұрғыдан раллиді жалғастыруға ешқандай кедергі жоқ», – деп атап өтті Fidelity International компаниясының макроэкономикалық және стратегиялық активтерді бөлу бөлімінің басшысы Салман Ахмед.

S & P500 индексі 2024 жылдың басынан бастап 24 жаңа рекордтық деңгейге жетті. 2023 жылы қазан айының соңынан бері АҚШ-тағы акциялардың жалпы құны 12 трлн долларды құрауда. Өсудің негізгі драйвері – жасанды интеллект технологияларын дамытумен айналысатын компаниялар. ЖИ чиптерін өндіруші Nvidia S&P 500 индексінің шамамен төрттен бірін құрайды. Ал Microsoft, Amazon.com, Meta Platforms және Alphabet дегендерді қоссақ, осы бес акция S & P 500 өсімінің шамамен 53%-ын құрайды.

Еуропалық акциялардың да көрсеткіші рекордтық деңгейде. Еуропалық компаниялардың төрттен үш бөлігі рентабельділіктің жоғарылауының арқасында жақсы  пайда тапты немесе асып түсті деуге болады. Бұл сарапшылардың болашақ кірістерге қатысты болжамын күшейтеді және акциялардың қымбаттауына әкеледі. Еуропадағы нарық мұндай белсенді емес: 16 акция Stoxx 600 индексінің 50%-дық жылдық өсімін әкеледі. Олардың ішіндегі ең ірісі Novo Nordisk A/S, ол Stoxx 600 индексінің өсуінің 10%-ын құрайды. 1

Жапондық Nikkei 225 2024 жылдың қаңтарынан бастап 16%-ға, ал 2023 жылдың қорытындысы бойынша 28%-ға өскен. Мемлекет инвесторларды тартып және акционерлердің кірістілігін арттыру науқаны, әлсіз йена және Жапониядағы теріс мөлшерлемелерді жою арқылы пайда тапты. BlackRock йенаның төмендегені шетелдік инвесторларды қорқытпайды деп санайды.

АҚШ акциялары өсу әлеуетін жоғалтқан жоқ

Yahoo Finance америкалық қор нарығы бойынша сарапшылардың болжамдарын жинады. Клиенттерге арналған жазбада Truist-тің бас инвестициялық стратегі Кейт Лернер қазіргі митинг «бұқа нарығының типтік белгісі» деп жазды. Бұл тұста «өсу әлеуеті сақталады» деп болжауда.

BMO Capital Markets компаниясының бас инвестициялық стратегі Брайан Бельски де осы көзқарасты ұстанады. Алайда ол нарықтың осы сәуірде 5,5%-ға төмендегені ештеңе емес, бұдан да үлкен құлдырауға тап болуы мүмкін деп ескертеді. «Біз түзетулерді көреміз және бұл жақсы сатып алу мүмкіндігі болады. Ал төртінші тоқсан, әсіресе, сайлаудан кейін, өте сәтті болады», – деді.

JPMorgan Asset Management компаниясының қызметкері Джек Мэнли S&P 500 ағымдағы деңгейден (5 300) тағы 5-10% өседі деп болжауда. Жалпы Yahoo Finance бақылайтын стратегтердің жартысынан көбі 2024 жылдың аяғында S&P 500-дің 5300 немесе одан жоғары көрсеткіштеріне ие. FactSet мәліметтері бойынша, Уолл-стрит сарапшылары S&P 500 кірісінің өсу қарқыны ағымдағы тоқсанда 9,2% және 2024 қаржы жылында 11,1%-ды құрайды деп күтуде.

Ірі қорлар ұзақ мерзімді облигацияларға арқа сүйемек

АҚШ облигацияларының ірі инвесторлары ақшаны ұзақ мерзімді облигацияларға белсене аударуда. Бұл активтер класы ФРЖ пайыздық мөлшерлемелері төмендегеннен кейін пайда табады деп шолу жасайды Bloomberg. JPMorgan Chase & Co зерттеуіне сүйенсек, соңғы екі айда АҚШ-тағы ең ірі 20 қор кіріс өскен сайын дюрациясын арттырды.

Жақында ғана қашқақтаған инвесторлар жоғары деңгейлі корпоративтік облигацияларда позицияларын қалыптастыруда. Бұл қағаздардың сұранысы артып келеді. Сол себепті сәуір айының соңында АҚШ-тағы инфляцияның төмендеуі ақша және ақша саясатын жеңілдету ықтималдығын арттыруда.

Bank of America стратегтері клиенттерге арналған жазбасында ұзақ мерзімді облигациялар екінші жартыжылдықта жаппай активтер класына оралады деп болжауда. Банк жүргізген сауалнамаға сәйкес, мамыр айының басынан бастап қор менеджерлері облигацияларға салымдарын сәуір айымен салыстырғанда орта есеппен 7%-ға арттырды. Қолма-қол ақша деңгейі, керісінше, үш жыл ішінде ең төменгі көрсеткішке дейін төмендеді.

АҚШ-тағы реттеушілер ірі банктердің капиталын ұлғайту мәселесін қайта қарастыруда

ФРЖ, АҚШ депозиттерін сақтандыру федералдық корпорациясы (FDIC) және АҚШ Ақша айналымын бақылаушы кеңсе (OCC) ірі банктердің капиталына қойылатын талаптарды 20%-ға төмендетуі мүмкін дейді WSJ.

Ықтимал шығындарды жабу үшін үш банк  реттеушілері 2023 жылдың шілдесінде активтері 100 млрд доллардан асатын банктер үшін нормативтерді көтеру жобасын жариялады (стандарт Базель III) . Бұл өзгерістер 2023 жылдың наурызында бірқатар атышулы америкалық банкттің банкроттығынан кейін жасалып отыр.

Жобаға сәйкес, 2025 жылдың 1 шілдесінен 2028 жылдың 1 шілдесіне дейін бірінші деңгейдегі капитал шегі (CAT1) 16%-ға дейін артуы керек. Қазіргі уақытта ол әрбір ірі банк үшін жеке есептеледі. 2023 жылы АҚШ-тағы 34 ірі банк үшін Discover Financial Services үшін 7%-дан UBS Americas Holding (максимум) үшін 13,6%-ға дейінгі нормативтер белгіленді.

«Сала басшыларының лоббистік қимылынан» кейін бұл норматив 20%-ға қысқарады дейді WSJ дереккөздері.

Читайте также