Еуроодақ эмоцияны бақылайтын жасанды интеллектіге тыйым салады

Жарияланды (жаңартылды )
Еуроодақ эмоцияны бақылайтын жасанды интеллектіге тыйым салады/ kursiv.media

Еуропалық одақ жасанды интеллектті қолдану ережесін қатаңдатпақ. ЖИ-мен жұмыс істеуге арналған бірқатар қосымшаларға тыйым салуды қарастыратын құжатты ЕО-ға мүше мемлекеттердің салалық министрлері мақұлдады. Бұл жөнінде dw.com басылымы жазды.

Кейінгі кезде Еуропа жасанды интеллект технологиясын сақтықпен қолдануға көңіл бөле бастады. Алдағы уақытта эмоцияны бақылайтын жасанды интеллектіге тыйым салмақ. Маңызды инфрақұрылым, білім беру мен денсаулық сақтау және басқа да салалар ЖИ жүйесі қатаң талаптарға сай болуы керек деп есептейді.

Енді Еуроодақ құндылығына қайшы қосымшалар бұғатталмақ. Әсіресе, әлеуметтік мінез-құлықты бағалау бойынша өте абай болу керектігі ескертілген. Жаппай бақылау құралдарының көмегімен әртүрлі критерийлер бойынша жасалынатын адамдардың рейтиңгдері, әсіресе, Қытайда танымал. Эмоцияларды тану технологияларына ЕО бойынша жұмыс орнында және оқу орындарында тыйым салынған.

Қоғамдық орындарда адамдардың бет-бейнесін тануға арналған технологияны жаппай пайдалануға тыйым салынған. Еуроодақ қылмыскерді ұстау үшін бұл құралды қолдануға полицияның ғана құзіреті бар деген ұстанымда.

Еуропалық одақтың жаңа ережелеріне жасанды интеллект жүйелерін әзірлейтін, жеткізетін немесе пайдаланатын әрбір адам бағынуы тиіс. Құқықтық реттеу ЕО және одан тыс жерлерде мемлекеттік және жеке нарық қатысушыларына әсер етеді.  Бұзушылықтар анықталса, ақшалай айыппұлдар салу қарастырылған. Бұл жаңашылдық – жасанды интелектіні реттеудің алғашқы жаһандық стандарты болып есептелінбек.

Германиядағы IT қауымдастықтар жаңа ереже кейбір күрмеулі мәселелерге жауап бере алмайтынын айтып, бастама көтеріп отырғандарды сынады.  Дегенмен Еуродақ райынан қайтпайтыны анық.

Жаңа ережелерді ЕО-ның барлық елі мақұлдағаннан кейін, ережелер Еуропалық Одақтың ресми журналында жарияланады және 20 күн ішінде күшіне енеді.

Қазақстанда Цифрлық даму министрлігінің жанынан Жасанды интеллект және инновациялық даму комитеті құрылады.

Қазіргі уақытта шетелде жасанды зерденің еңбек нарығына қаншалықты әсер ететіні жиі зерттелуде.

Сондай-ақ оқыңыз