ФРЖ өкілі Кристофер Уоллер мөлшерлеменің жоғарылауына себеп жоқ деп біледі. Германияның жылжымайтын мүлік нарығында дағдарыс жалғасып жатыр. АҚШ пен Қытай арасында чип өндірісіне қатысты қайшылық өршіп келеді. Осы және басқа да тақырыптар туралы әлемдік БАҚ шолуынан оқыңыз.
ФРЖ өкілі Кристофер Уоллер мөлшерлеменің жоғарылау ықтималдығы жөніндегі сыбысты негізсіз санайды
«Федаралдық резервтік жүйе Басқарушылар кеңесінің мүшесі Кристофер Уоллер америкалық реттеушіге пайыздық мөлшерлемені төмендетпес бұрын инфляция бойынша тағы бірнеше жайлы есеп дайындау керек екенін мәлімдеді» деп жазады Market Watch. «Еңбек нарығында айтарлықтай әлсіреу болмаған жағдайда, ақша-несие саясатының жеңілдеуін қолдамас бұрын тағы бірнеше ай бойы инфляция бойынша оң деректер байқалуы керек», – деді ол Петерсон халықаралық экономика институтында сөйлеген сөзінде.
Уоллер мөлшерлеменің әрі қарай көтерілуіне қатысты инвесторлар көңіліндегі алаңды басты. Сарапшының пікірінше, бұған негіз жоқ. Өз сөзінде Уоллер алдағы бірнеше айда экономиканың бәсеңдейтінін айтып өтті. Сонымен қатар спикер 2024 жылдың басындағы инфляцияның «қарқындауын» естен шығаруға болмайтынын да айтты. «Инфляцияны 2023 жылдың соңындағы кезінен гөрі сәл-пәл тұрақты етіп тұрған іргелі құбылыс жүріп жатыр. Біз мұның не нәрсе екенін түсінуге тырысып жатырмыз», – деді ол.
Deutsche Bank-тің АҚШ бойынша бас экономисі Мэтью Луцетти қыркүйек – Федаралдық резервтік жүйе мөлшерлеменің төмендеуін бірінші рет құлшына қарастыра бастайтын кезең деп санайды. Алайда ФРЖ саясатты жұмсарту мақсатында бұл процесті желтоқсанға дейін созуы мүмкін.
Германия өндірушілерінің бағалары төмендеп барады, жылжымайтын мүлік нарығында түйткілдер бар
«Сәуірде Германияда өндірушілердің бағалары жылдық мәнде 3,3%-ға төмендеген. Бұл сарапшылар болжаған межеден көп (3,1%)» деп жазады Reuters. Энергия тасымалдауыштар бағасы жылдық есептеуде 8,2%-ға төмендеген. Германия Статистика басқармасының хабарлауынша, мұның басты себебі табиғи газ бен электр энергиясының арзандауында жатыр.
«Германияның жылжымайтын мүлік нарығында да жағдай нашарлап барады» деп хабарлайды Reuters. Кейінгі он жылдықтарда нарықта ауыр дағдарыс болып, халықаралық инвесторлар мәміле жасасудан қашқақтап жатыр. BNP Paribas Real Estate деректеріне сүйенсек, І тоқсанда шетелдік сатып алушылардың коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алудағы үлесі 35%-ды құраған. Бұл – 2013–2023 жылдарда болмаған ең төменгі көрсеткіш және 2020–2021 жылдардағы пандемияға дейінгі деңгейлермен салыстырғанда, сатылым көлемінің 70%-ға төмендеуі аясында болып отыр.
«Америкалықтар қайтып келуі керек. Blackstones, Blackrocks, Morgan Stanley, Carlyle және Apollo сынды компаниялар неміс нарығында сатып ала бастаса, құлдырау шегіне жеткенімізді сонда бір-ақ түсінеміз», – деді Зех.
Көп жыл бойы төмен пайыздық мөлшерлеме, арзан энергия және мықты экономика Германияның жылжымайтын мүлік секторын өркендетіп тұрды. Бұл сектор ел экономикасына жылына 730 млрд еуро (793,51 млрд доллар), яғни Германия өндірісінің бестен бір бөлігіне пара-пар табыс әкелетін. Бұл молшылық тоқтауы жоқ инфляцияның кесірінен Еуропа орталық банкі қарыз мөлшерлемесін жоғарылатуға мәжбүр болған кезде аяқталды. Жылжымайтын мүлікке қаржы салу тоқтады. Мәмілелер бұзылды, жобалар тоқтап, ірі құрылыс жүргізушілер банкротқа ұшырап, кей банктердің іргесі шайқалды.
2024 жылдың алғашқы үш айында Германиядағы коммерциялық жылжымайтын мүлік бағасы, өткен жылмен салыстырғанда, тағы 9,6%-ға төмендеді. VDP банк қауымдастығының деректері бойынша, 2023 жылы баға онсыз да 10,2%-ға түскен. Аталған қауымдастық келешекте нарықта бұдан да қиын мәселелер туады деп болжайды.
Қытай Тайваньға басып кірген жағдайда, ASML мен TSMC қытайлық нарықтағы станоктарды қашықтан өшіріп тастауы мүмкін
«АҚШ және Қытай арасында чип өндірісіне қатысты қайшылық өршіп барады» деп жазады Bloomberg. Басылымдағы деректерге сүйенсек, Қытай Тайвань үшін АҚШ-пен тікелей қақтығысқа түсетін болса, ASML Holding NV (Нидерланд) және Taiwan Semiconductor Manufacturing сынды компаниялар АҚШ-тың тапсырмасымен микросхемалар өндіретін ең күрделі станоктарды істен шығарады. Бүкіл әлемдегі, соның ішінде Қытайдағы зауыттарды да жұмыс істетіп тұрған – осындай күрделі станоктар.
Ондай жағдай бола қалса, Нидерландтың ASML компаниясы өндірген EUV өнеркәсіптік қондырғылар тізбегі де бірге өшірілуі мүмкін. Бұл жабдық ең майда микрочип-транзистор шығаруға жоғары жиіліктегі желілік толқындарды пайдаланады. Ал мұндай чиптер жасанды интелект пен әскери өнімдер шығаруға керек.
EUV жабдығының бір ғана өндірістік тізбегінің құны – 200 млн еуродан асады. АҚШ-тың тапсырмасымен Нидерланд билігі қытайлықтар көшіріп алады деген қауіппен мұндай жабдықты Қытайға экспорттауды тоқтатты. Сарапшылардың пікірінше, осындай экспорттық бақылау шаралары 2024 жылдың қорытындысында ASML компаниясының Қытайдағы сатылымын 15%-ға қысқартады. Ал Қытай – ASML үшін ең ірі нарық.
Chanel табыстың артқаны туралы есеп берді, сән-салтанатқа деген сұраныс сақталып тұр
«Сән-салтанат пен косметика бұйымдарын сататын Chanel бренді 2023 жыл қортындысын жасап, сатылатын тауарлардың қымбаттауына байланысты сатылым мен кірістің артқанын хабарлады» деп жазады Bloomberg. Қазір Chanel – әлемдегі табысты да танымал берндтің бірі. Компания нарықтық инвестицияға мұқтаж еместігін білдіріп, өзін биржадағы саудаға салмайды. Бренд иелері акция иеленушілерге дивидендтерін тұрақты төлеп келеді.
Компания менеджерлерінің ақпаратына сәйкес, 2023 жылдың қорытындысы бойынша, сатылым көлемі 16%-ға (19,7 млрд доллар) артқан. Операциялық пайда 6,4 млрд долларға жеткен. Табыстың жартысынан көбі Азия-Тынық мұхиты аймағынан түседі. Бір қызығы, былтыр компания өнімдеріне деген ең сұраныс төмен болған аймақ – Америка. Мұның себебі сол аймақтағы макроэкономикалық жағдайлар мен инфляцияның өсуінде жатыр.
Осы жетістіктің арқасында Chanel брендінің Hermes International SCA және LVMH Moët Hennessy Louis Vuitton SE сияқты компаниялармен терезесі теңеседі. Бұл брендтер жоғары кластағы тауарларға сұраныс төмендегенде де тұрақтылықты сақтап қалған. Компания өкілінің айтуынша, Chanel биыл да, келер жылы да Нью-Йорк, Париж және басқа қалаларда жаңа дүкен ашу үшін жылжымайтын мүлікке инвестиция салады. Chanel-дің жылжымайтын мүлігінің әлемдік нарықтық құны 7 млрд доллардан асады.
Chanel ағайынды миллиардер Ален мен Жерар Вертхаймерлерге тиесілі. Bloomberg миллиардерлер индексіне сәйкес, әрқайсысының байлығы шамамен, 47,7 млрд долларға бағаланады. 2023 жылғы дивидендтер көлемі алдын ала 5,7 млрд доллар болып бекітілді.
Крон ауруын емдеу жөніндегі деректерге байланысты Eli Lilly акциялары күрт қымбаттады
«Өткен сейсенбіде Eli Lilly америкалық фармацевтикалық компаниясының акциялары күрт қымбаттады. Бұған себеп болған – Крон ауруын емдейтін дәрі. Мирикизумабты зерттеудің нәтижесі – Крон ауруын емдеуге арналған препарат 50%-дан астам тұрақты ремиссияға сеп болды» деп жазады Market Watch. Акциялар, шамамен, 3%-ға қымбаттады.
Компания Азық-түлік пен дәрі-дәрмекті бақылау басқармасына да, Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігіне де мирикизумабтың қосымша лицензиясын алуға өтініш беріп қойған.