Жаңалықтар

Freedom Bank жаңа ішкі валютасын жарыққа шығарды

Freedom жаңа валютасы қалай жұмыс істейді / Фото: Freedom Holding

Freedom Holding Corp. негізін қалаушы Тимур Турлов пен Freedom Bank директорлар кеңесі басшысының кеңесшісі Айдос Жұмағұлов Freedom Holding Corp. бас холдингінің жаңа валютасының құрылымы мен жұмыс істеу принциптері туралы «Курсив» тілшісіне айтып берді. Оның сөзінше, жаңа валюта қазақстандықтарға инвестициялар мен қор нарығын қолжетімді ете түседі.

Қазақстанда Freedom Holding Corp. компаниясы акцияларының иегері болғысы келетін кез келген адамға мүмкіндік беретін жаңа валюта жарыққа шықты. Freedom валютасы жақында жарық көрген Freedom SuperApp мобильді қосымшасында қолжетімді. Мобильді қосымшада әрбір пайдаланушының шоты автоматты түрде ашылады. Оның жай-күйі туралы ақпарат негізгі экранда көрсетіледі. Жұмағұловтың айтуынша, Freedom валютасы холдингтің бағалы қағаздарының бір бөлігіне айналады.

«Біз бір акцияны он мың монетаға бөліп, Freedom валютасын құрдық. Freedom валютасын–кэшбек ретінде алуға, онлайн сатып алуға, сатуға, аударуға, үнемдеуге болады. Қазірдің өзінде кез келген клиент мобильді қосымшада транзакциялар жасап, сауда жасап жүріп, бонустар алып, Freedom холдинг акцияларының иесі бола алады. Валюта құны холдингтің акцияларының бағасымен бірге өзгереді, олар өз кезегінде американдық Nasdaq қор биржасында саудаланады», – деп атап өтті Жұмағұлов.

Тимур Турловтың айтуынша, Freedom валютасын Nasdaq биржасында сатылатын холдингтің акцияларына немесе Freedom SuperApp қосымшасындағы кез келген валютаға айырбастауға болады. Freedom Holding Corp. акциялары құнының өсуі жаңа валюта иелерін салық міндеттемелерін тәуелді етпейді. Алайда егер валютаны сатып алғыңыз келмесе, функцияны өшіруге болады. Мәселен, активтерге иелік ету бойынша заңнамалық шектеулер қойылған шенеуніктер мен мемлекеттік қызметшілер осы мүмкіндікті қолдана алады.

Кэшбек алып, қаржыны кері қайтарудың тағы бір жолы — шағын және орта бизнеске қызмет көрсететін Freedom Pay терминалдары арқылы төлеу. Сіз онда Freedom Bank картасымен төлем жасай аласыз. Тауарлар мен қызметтердің кейбір санаттары бойынша жоғары кешбэк қарастырылған. Олардың ішінде әуе билеттері, мәдени іс-шаралар билеттері, интернетке ақы төлеу сынды қызметтер бар.

«Жаңа валютаның басты құндылығы – классикалық құралдарға негізделген өнім, сонымен қатар, ол клиенттерімізді акционерлерге айналдыруға мүмкіндік береді. Оларға қаржы нарығындағы активтерге инвестиция құюдың жаңа тәжірибесін береді. Қор нарығына кірмей-ақ маңызды акциялар пакетін жинай алады», – деп атап өтті Турлов.

Компания үшін жаңа валюта құрудағы басты мақсат Қазақстандағы банк саласына өзгеріс алып келу болып отыр. Себебі елде қор нарығындағы инвестицияларға қарағанда, халық арасында тұтынушылық несиелер кең тараған. Жұмағұловтың сөзінше, бұл дәстүрлі банк өнімдерінің қолжетімді болуына байланысты болып отыр. Қолданушы несиені немесе бөліп төлеуді оңай және тез рәсімдей алады. Бұл оларды ақша жинауға, болашаққа қор сақтауға ынталандырмайды.

Фото: Freedom Holding

«Ал инвестор болу үшін біраз жұмыс істеу керек: брокерлік компанияны табу, шот ашу, сарапшы табу. Мұның бәрі күрделі жұмыс әрі онлайн емес. Микротолқынды пешті бірнеше секунд ішінде бөліп төлеуге сатып алуға болады. Ал инвестициялық шот ашып, қыр-сырын түсінуге көп уақыт кетеді», — деді Жұмағұлов.

Осылайша FRHC валютасы теңге, доллар, еуро, рубль, дирхам, түрік лирасы және юаннан кейінгі Freedom экожүйесіндегі сегізінші валюта болады. Freedom Holding Corp. өз клиенттері банк жүйесінде ақшасын жаратып, бонустарын қайтарып, оны FRHC валютасына салу арқылы қор нарығының құрылымына қызығушылық танытып, өздерін компанияның иесі сезіне бастайды деп сенеді.