Жаңалықтар

Энергетика министрлігі цифрлы технология көмегімен мұнай жеткізу кестесін жетілдірмек  

kursiv.media

Энергетика министрлігі цифрлық трансформация кеңсесі шеңберінде мұнай жеткізу кестесін қалыптастыруды (Энергетика министрінің №191 бұйрығы) қолға алмақ.

Министрлік мына қызметтерді кезең-кезеңімен іске асырмақ:

  • Нарық субъектілерінің цифрлық өтінімдер беруі.
  • Тең белгілерге сәйкес мұнай жеткізу кестелерін бөлудің цифрлық моделін құру.
  • Алушыларға кестелерден үзінді көшірмелерді автоматты түрде тарату.

Осылайша, цифрлы трансформация адами факторды азайтуға, тиімділікті арттыруға, ашықтық қағидаты мен құпиялыққа жол бермеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Биылғы үшінші тоқсанында сервис іске қосылмақ.

Айта кетейік, министрлік наурыз айында 70,5 миллион тонна мұнай экспортталғанын мәлімдеді.