Жемқорлыққа қарсы онлайн курста 20 мыңнан астам мемқызметші оқыды

Жарияланды (жаңартылды )
Антикор онлайн курс жүргізуде / фото shutterstuck

Антикор мемлекеттік қызметшілерге арналған жемқорлыққа қарсы онлайн оқу курсын бастады. Бүгінге дейін 20 мың мемқызметші курстан өткен.

Курс бағдарламасы 3 модульден және 10 жеке тақырыптан тұрады. Оқу материалдары сызбалар, жадынамалар және интерактивті презентациялар үлгісінде қысқаша мәтіндік баяндамалар түрінде ұсынылған.

Курс мақсаты – жемқорлықтың алдын  алу әдістемесін көрсету, қылмыс салдары ауыр болатынын түсіндіру, оған қарсы заңдар мен нормативтерді талдау.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  курсты өткізу үшін «Documentolog» ақпараттық жүйесін пайдалануда.

Былтыр парақорлық жайлаған салалалар анықталды. Ішкі істер органдарында жемқорлыққа қатысты деректер жиі тіркелген. Яғни ішкі істер министрлігінде 193, Төтенше жағдайлар министрлігінда – 31, Қаржы министрлігінде – 25, Қорғаныс министрлігінде – 17 адам жазаға тартылған.

Агенттік жемқорлық салдарын көрсетудің қатаң жолдарына көшуде. Осы күндері шенеуніктерге түзету мекемелеріне алып барып, жазасын өтеп жатқандардың қазіргі жағдайын жиі көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыз