Электрмобильдерді жалпы электр желісінде қуаттауға қатысты айыппұл мөлшері бекітілді

Жарияланды
Шығарушы редактор
Электрмобильдерді желіге қосуға айыппұл мөлшері бекітілді / kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Қазақстанда электр көліктерінің зарядтау станцияларын электр желілеріне өз бетінше қосқаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі. Жалпы желілерді заңсыз пайдаланғаны үшін полиция жеке тұлғаларға 184,6 мың теңгеге айыппұл сала алады. Ал ірі кәсіпкерлерге 10 есе көп айыппұл салынады. 

22 мамырда Мәжіліс екінші оқылымда электромобильдерге арналған Көлік және инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады.

«Енді электромобильдер тұрақ үшін арнайы орындармен қамтамасыз етіледі. Ал олардың иелері тұрақ орындары үшін ақы төлемейді. Әкімдіктер электр зарядтау станцияларын орналастыру туралы шешім қабылдау құзыретін береді», – деп түсіндірді Мәжілістің баспасөз қызметінде жаңа түзетулер.

Электр зарядтау станцияларын жалпы энергия желісіне заңсыз қосқаны үшін айыппұл мөлшері қандай болатыны 24 мамырда бекітілді:

  • Жеке тұлғалар үшін – 50 АЕК (184 600 теңге)
  • Шағын бизнес және коммерциялық емес ұйымдар үшін – 100 АЕК (369 200 теңге)
  • Орта бизнес үшін – 200 АЕК (738 400 теңге)
  • Ірі бизнес үшін – 500 АЕК (1 846 000 теңге). 

«Электр зарядтау станцияларымен жабдықталған орындарда көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі», — деп толықтырды Мәжілісте.

Елімізде электрокар иелері электр желілеріне өз бетінше көлігін қуаттай алмайды. Мәжілісте қабылданған заң жобасында осындай талап қарастырылған. Төменгі палата 22 мамыр күні экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыз