«Самұрық-Қазына» Вьетнамға сатылған Qazaq Air әуе компаниясына уақытша басшы тағайындады

Жарияланды (жаңартылды )
В проданном Вьетнаму Qazaq Air назначили временного главу
Qazaq Air әуе компаниясының уақытша басшы кім? / Коллаж: kursiv.media, бильд: Артур Алескеров

«Самұрық-Қазына» SOVICO Group вьетнамдық компаниясына сатылған Qazaq Air әуе компаниясының уақытша төрағасын тағайындады. Ол компанияның қаржылық директоры және басқарма мүшесі Әділбек Өмірәлиев болды.

Аталған қызметке 2024 жылдың 21 мамырында тағайындалды. 2019 жылы Өмірәлиев «Самұрық-Қазына» АҚ-дан әуе компаниясының қаржы директоры қызметіне ауысты, онда 2010 жылдан бері активтерді басқару бөлімінде жұмыс істеді және кадрлық резервтің құрамында болды.

2007-2009 жылдары «Қазақстан Ғарыш Сапары» және «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингінде жұмыс істеген.

Еске сала кетсек, Бұған дейін Қазақстан-Сингапур бизнес форумы барысында Қасым-Жомарт Тоқаев вьетнамдық SOVICO Group компаниясының Qazaq Air әуе компаниясын жекешелендіруін құптайтынын жеткізді.

«Самұрық-Қазына» Qazaq Air әуе компаниясын сату бойынша мәмілеге әлі қол қойылған жоқ деп хабарлады.

2023 жылдың тамызында «Самұрық-Қазына» әуе компаниясы акцияларын сатуға шығарды. Қазақстандық әуе тасымалдау нарығын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер қарастыру үшін, әуе компаниясының ұшу географиясын кеңейтуге, флотты ұлғайтуға және инновациялық шешімдерді енгізу мақсатында жеке инвесторды тарту қарастырылатыны айтылды.

2023 жылдың қарашасында Көлік министрі Марат Қарабаев Вьетнамның VietJet Air компаниясы QazaqAir-ді сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеген болатын. Ол шетелдік компанияның тасымалдаушыны сатып алған жағдайда қосымша 50 жаңа ұшақ жеткізуді жоспарлап отырғанын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз