Ашхабадта ТМД үкіметтерінің басшылары сауда-экономикалық бағытындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында 11 құжатқа қол қойды

Жарияланды (жаңартылды )
Ашхабадта ТМД үкіметтері басшылары бас қосты / фото primeminister.kz

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Үкімет баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңес қорытындысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін 11 құжатқа қол қойылды.

Үкіметтердің басшылары экономикалық ынтымақтастықтың бағыттарына шолу жасады. Көлік, энергетика, химия өнеркәсібі, экология және қауіпті қалдықтармен жұмыс істеу, денсаулық сақтау, зияткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылды күшейту жайы талқыланды.

Көлік дәліздерін кеңейтуді ұсынды

Олжас Бектенов тауар номенклатурасы мен логистиканың тиімділігін кеңейту арқылы сауда байланыстарын нығайту қажеттігін атап өтті. Тиімді логистикалық тізбекті құру үшін тарифтік саясатты үйлестіру және кедендік рәсімдерді цифрландыру бойынша өзара іс-қимылды күшейту маңызды.

ТМД-дағы көлік дәліздерін дамытуға ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта Қазақстанға әкелінген инвестицияның жалпы құны 35 млрд доллардан астам болатын транзиттік трансконтиненталдық маршруттар желісі қалыптасты. Бұл Еуропа мен Азия арасындағы құрлықтық тасымалдардың 80%-нан астамын ел аумағы арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер Кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров екіжақты кездесу өткізді. Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға сапарының қорытындысы бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бірлескен уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланды. Екі елдің тауар айналымы көлемін 3 млрд долларға дейін жеткізу жөніндегі жаңа міндетті орындау жөніндегі жұмысты тездетуді құптады.

Қазақстан-Түркіменстан тауар айналымы 563 млн долларға жетті

Ашхабадта Олжас Бектеновті Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов қабылдады. ҚР Үкіметінің басшысы Түрікменстан Президентіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізді. Әңгімелесу барысында өзара құрметке негізделген екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейі атап өтілді.

Екі ел арасындағы тауар айналымы бір жылда 28%-ға артып, $563 млн-ды құраған. Биылғы үш айдың қорытындысы бойынша өзара сауда айналымы $105 млн-ға жетті. Газ саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен қазақ-түрікмен жобаларын іске асыру мәселелері сөз болды.

Жыл басында Біріккен Ұлттар Ұйымы 2024 жылға арналған «Жаһандық экономикалық жағдай мен мүмкіндіктер» баяндамасын жариялады. Онда аймақтағы өсім бұған дейінгі болжамнан асып түскені айтылған. БҰҰ Кавказ бен Орталық Азия жақсы көрсеткішке жетуге қабілетті деп санайды.

Сондай-ақ оқыңыз