Атырау облысындағы Талдыкөл ауылының 1200 тұрғыны эвакуацияланады
Атырау облысында Талдыкөл ауылына кірме жолды су шайып кетуіне байланысты тұрғындар қауіпсіз аймаққа көшірілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Эвакуацияланған тұрғындарды Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университетінің жатақханасына орналастырыла бастады.
«Сонымен қатар өткен тәуліктен бері 100-ге жуық тұрғын туысқандарының үйіне кетті. Ауыл тұрғындарын эвакуациялау жалғасуда. Соңғы ақпаратқа сәйкес, 80 адам эвакуацияланып, 26 адам оның ішінде 13 бала эвакопунктке тіркелді. 56 адам өз көліктерімен Атырау қаласына кетті», – деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
Еске сала кетсек, Атырау облысы Жалғансай ауылын су басу қаупіне байланысты, тұрғындар Махамбет ауылына көшірілді. Жалғансай ауылының маңында Жайық өзенінің жайылмаларында су деңгейі көтелеріп, су бөгетті жарып кеткен. Жарылған бөгет бекітілген.